Ел біріншілігінің есеп -қисабы

13.05.2011, 22:30
Ел біріншілігінің есеп -қисабы
Көзді ашып жұмғанша футболдан ел чемпионатының 10- тур ойындары да артта қалды. Қазақстан біріншілігінде ойнайтын 12 команда өз ара 60 кездесу өткізіп үлгеріпті. Сіздерге сол ойындардың есеп-қисабын , тұщымды тұстарын таратып айтып берсек . *160 рет қақпаға дәл соққы жұмсалған , орта есеппен әр ойында 2,38. Алаң қожайындары 29 рет жеңіске жетсе, қонақтар 17 ойында жеңіс тойын тойлаған, ал 14 ойында тең нәтиже тіркелген. *Барлық ойында 199300 жанкүйер футболды стадионнан тамашалаған , орта есеппен әр ойынға 3322 көрермен келеді . Жалпы алғанда ең көп жанкүйер «Атыраудың» ойынына жиналады екен. Өз алаңында өткізген ойындарында «Локомотив» клубы өзгелерден көбірек көрермен тарта алса , қонақтап қайтуды жөн көретіндерден «Қайраттық» фанаттардың қарасы қалың. *Артта қалған 60 ойында алаңға 245 ойыншы шығып үлгерген. Олардың ішінде алпыс ойыншы 24 елден жиналған шетел азаматтары. Шетелдіктердің арасында сербиялықтар белсенділік байқатып 15 азаматымен оқ бойы озық тұр *«Жетісу» мен «Ордабасы» төрт ойында қатарынан жеңіске жеткен . Алғашқы турда өз алаңында жетісулықтардан жеңілген «Локомотив» одан бері жеңілістің не екенін білмей келеді. Ал «Восток» бұл көрсеткішке қарама қайшы . «Қайсар» 9- сәуірден бастап 5 ойын қатарынан қарсыластарына есе жіберген . *«Жетісу» сәуірдің он жетісінен бастап бүгінгі күнге дейін 8 ойында қатарынан қарсыластар қақпасына гол салмай алаңнан кетпеген . Дәл осы ұжым қатарынан 4 ойында өз қақпаларына гол жібермей жеңіске жетсе , «Қайсар» бірінің артынан бірі 3 кездесуде ірі есеппен ұтылған. *Әзірге жалыз хет-трик авторы сенегалдық Мане Малик. Ал үздік сұрмерген Марат Хайруллин екі ойында қостан гол салған . *Төрт ойыншының қанжығасы 3 ойында қатарынан майланған , бұл көрсеткішін жақсарта түсетін мүмкіндік талдықорғандық жас ойыншы Алексей Щеткинда бар . «Жетісулық» қақпашы Сергей Степаненко 4 ойын қатарынан қақпасына доп жібермеген . *Дөрекі ойыншылар тізімін «Атырау» легионерлері Винанд Киран Бекхан мен Жонатас Риккардо Соуза бастап тұр. *11 мертрлік айып добы 11 рет тіркелген . оның тоғызы қақпада туласа екеуінде мүлт кеткен . *Бүгінгі күнге дейін ел чемпионатында ойнағандардың арасында ең жасы «Васток» ойыншысы Станислав Лунин. Ол 17 жас 332 күн толғанда алғаш алаңға шығып, араға 34 күн салып қарсылас қақпасынан саңлау тауып әзірге биылғы маусымның ен жас мергені атанған. Ең қызығы біріншіліктің ең қарт ойыншысы Игорь Авдеев та «Васток» сапында тер төгіуде . *Қазақстан премер – лигасында ең жас командалар «Қайсар» мен «Тараз» . Олардың ойыншыларының жастары орта есеппен - 24,9. . Тәжірибелі команда деп «Қайрат» танылды ,ақсақалдардың жасы -28,6.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық
11-турдан не күтеміз?
Серіктес жаңалықтары
×