Ел чемпионы - "Астана"

02.11.2014, 06:06
Ел чемпионы - "Астана"
Футболдан 2014 жылғы Қазақстан чемпионының есімі белгілі. "Астана Арена" стадионындағы биылғы маусымдағы соңғы кездесуінде елордалық "Астана" командасы Қайсарды 3-0 есебімен ұтып ел чемпионы атанды. Матч басталысымен астаналықтар шабуылға лап қойды. Ойынның 14-минутына дейін шыдас берген қызылордалықтар, алғашқы голды ұзақ созбай жіберіп алды. Бұл жерде астаналықтардың керемет комбинациясын ескере кеткеніміз жөн. Бұдан кейін елордалықтар толассыз шабуылдарын одан әрі жалғастыра берді. Бірақ, көбінесе қақпашы Кирил Прядкин қызылордалықтарды құтқарып қалып жатты. Ал екінші таймда екінші гол керектігін ұғынған Станимир Стойлов шәкірттері «Қайсарды» қос қапталдан қыспаққа алды. Әріптесінен тамаша пас алған Дмитрий Шомко қарбаласқан сәтте қақпаға екінші голды соқты. Ал ойынның 79-минутында айып добы белгіленіп, оны Фокси Кетевоамо орындады. Жартылай қорғаушының жасаған соққысын Прядкин тоса алмай, доп қақпаға енді. Бұл Кетевоаманың чемпионаттағы 15-голы еді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×