ЕЛ ФУТБОЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН НЕГЕ ҚҰРМЕТТЕМЕЙДІ?

24.01.2012, 19:05
ЕЛ ФУТБОЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН НЕГЕ ҚҰРМЕТТЕМЕЙДІ?

Әр  халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.

    Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Бірақ сол тіл мәселесін біз жұмыла көтеріп жүргеніміз шамалы. Саясат, әлеумет, мәдениет демей-ақ, біз осы тілге деген құрметті спорттың өзінен көре алмай жүрген жәйтіміз бар. «Адам көңілден азады, тілден жазады» жазады дегендей бір футболдың өзін алып қарайықшы. Бұрнағы күні елімізде футбол «тырнақшаның ішінде» дамып келеді десек, сол ойынның маңайында журген шенеуніктер ана тілімізді дамытып келеді ме?! «Балық басынан шириді» дейді емеспе атам қазақ! Міне соның нақ дәлелі ретінде шенеуніктерді алуға да болады. Олар футбол төңірегіндегі мәселерді қазақшалапы талқылайтын кездері кемде-кем.  Мейлі басшыларды қоя салайық. Олар барлық жерде  де орысшалап сайрап тұрады емеспе?!  Енді біршама ойыншы, бапкер және ел командаларының ана тіліне деген құрметтерін сараптап көрсек. Сөз жоқ, Премьер-Лигада қазақ баласынан гөрі шет елдің азаматтары шұбырып жүр. Дегенмен де, басқа елге келгесін, «легионер» мырзалар сол елдің ана тілін үйреніп, құрметтесе несі кетіп жатыр? Қазақстан командаларының барлығында дерлік жаттығу барысында бір-бірімен орыс тілінде қарым-қатынас жасайды. Қазақшалап пікір алмасып, нұсқау көрсетіп жатқан бірде-бір жанды көрмейсің. Бір өкініштісі,   жалғыз ғана басқа ұлт өкілі үшін бес-алты қазақ тілдерін күрмелеп сол тілде сөйлейді.   Неге олар: «Ана тілдің алпыс тілге татитынын білмейді»,- деп күйінесің сол кезде. Сол ойыншыларға менің де айтарым бар! Қазақта «жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста» дейді. Шеттен келген мейлі ойыншы, мейлі бапкер болсын, қазақ жігіті, жалтақтай бермей, өзіңнің ана тілің мен салт дәстүріңді үйретсең нұр үстіне нұр болары еді! Бал тамған тілден у да тамар. Әңгімемізді ашық бастағасын, әрмен қарай да ашық түрде жалғағаным жөн болар! Енді Қазақстан біріншілігінде өнер көрсетеді командалардың ресми сайттарын қарап көрелік. Қазіргі таңда интернет желісі жоғары қарқынды дамығандықтан, ел ұжымдарының барлығында дерлік ресми сайттары бар. Бірақ олардың басым көпшілігі қазақ тілінде жылдам ақпарат таратып, үздіксіз команда жөнінде мәлемет беріп жатқан жоқ. Өткен маусымда чемпион атанған «Шахтердің» реси порталын қарап көрелік. Қарағандылықтардың сайтын ұлу жылы басталғаннан бері бірде-бір ауыз қазақша мәлімет шыққанын көрмедім.  Дау жоқ, бұл порталдың жүргізушілері команда жайлы жылдам ақпарат береді. Тіл- тәуелсіздік тұғыры емеспе? Қазақ тілінде ақпарат таратпаған ұжым, қазақ тілін сыйламасы анық.  Қазақтың ақылы –көзінде, қасиеті сөзінде, кеншілерде біздің сөзімізді жерде қалдырмай тілімізді құрметтеп, порталдарын қазақша жүргізсе игі болар еді.   Мен сонымен қатар былтырғы маусымды екінші орында аяқтаған «Жетісу» командасының реси сайтына кіріп көрдім.  Талыдқорғандықтардың сайтында қазақша бөлім бар. Бірақ, бұл желіде де қазақ тілінің хал-жағдайы мәз емес. Көңіліңнен мүлде шықпайды десе де артықтық емес. Мен ныснама тек бұл екі команданы сайтын алып отырғаным жоқ. Жалпы Қазақстандық командалардың ресми сайттарының қазақ тіліне деген құрметі көрінбейді. Сіз болып, біз болып осы мәселерді көтеріп, ббасшылыққа хабарламасақ, қазақ тілінің күндердің бір күнінде құрдымға кетері хақ. Әңгімемнің басында айтып кеткендей, «жұмыла көтерген жүр жеңіл». Сіздердің осы жөнінде ой-пікірлеріңіз болса, жазып тұрыңыздар құрметті оқырмандар!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×