Ел футболындағы жаңалықтар

09.02.2014, 11:32
Ел футболындағы жаңалықтар
«Шахтёр» обыграл «Дебрецен» Қарағандылық «Шахтёр» командасы Түркия жерінде өткен жолдастық кездесуде венгриялық «Дебреценді» 1-0 есебімен ұтты. Голдың авторы - Бауыржан Джолчиев.  «Шахтёр» (Казахстан) — «Дебрецен» (Венгрия) 1:0 (1:0) Гол: Джолчиев 42 (1:0) Ескерту алғандар: Джолчиев 43, Радоевич 64, Ермеков 67 Алаңнан қуылды: Джолчиев 74 «Шахтёр»: Мокин (Покатилов 46), Василевич (Фернандес 46), Малый (Джидич 46), Порываев (Ермеков 46), Симчевич (Габышев 46), Кото (Аманов 46, Ли 57, Борантаев 65), Байжанов (Радоевич 46), Вичюс (Тарасов 46), Финонченко (к) (Марио 46), Муртазаев (Джолчиев 28, Финонченко 75), Топчагич (Жаңғылышбай 46) 8 ақпан, 2014жыл. Белек (Турция). «Arcadia». *********************************************************************************************************************** Фомичев не подошёл «Ордабасы» 25-жасар белорусс футболының түлегі, қақпашы Валерий Фомичёв шымкенттік «Ордабасы» командасында сынақта болған. Алайда, басшылық қақпашымен келісім-шарт жасасуды жөн санамады.  Түркиялық «Ордуспор» командасына жалға берілген қақпашының келісім-шарт мерзімі аяқталып, қызығушылық танытқан клубтарда бағын сынап жүр. Бұл футболшы, әлі де болса қарағандылық «Шахтёрға» тиесілі екенін еске саламыз. Егер өзіне лайық команда таба алмаса, бұрынғы клубына қайтып оралмақшы. ********************************************************************************************************************** Дебют Перича откладывается Иван Перич «Мерсин Идманюрду» мен «Кахраманмарашспор» арасындағы кездесуде ойынға шақырылған футболшылардың тізіміне енбеді. Қазақстандық төлқұжаты бар  31- жасар сербиялық футболшы ойынға әлі толықтай дайын емес көрінеді. Талдықорғандық «Жетісу» сапында алаңға көп шықпаған ойыншы Түркия жеріндегі алғашқы ойынын тағатсыздана күтуде. «Мерсин Идманюрду» Перичсіз-ақ «Кахраманмарашспорды» — 2:0 есебімен ұтты.
**********************************************************************************************************************
Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Саят Сариев жақын арада қызылордалық «Кайсардың» құрамын толықтыруы мүмкін. Футболшы өткен маусымда талдықорғандық «Жетісу» сапында ойнаған. Жаңа командасымен бірге Түркия жерінде өтетін бірнеше ойынға қатысады деп күтілуде. 
***********************************************************************************************************************
<strong>«Шахтер» просматривает воспитанника «Барселоны»</strong>
Қарағандылық «Шахтёрда» «Барселона» футбол академиясының түлегі  Карлес Кото сынақта жүр. 
Ақпанда 26 - жасқа келетін футболшы футболдағы алғашқы мансабын бельгиялық «Мускрон» командасында бастаған. Сондай-ақ, «Севильяның» екінші командасында, испандық «Бенидорм» және кипрлік «Анортосис» клубында ойнаған. 2011-2013 жылдар аралығында тбилисидің «Динамо» клубында өнер көрсеткен.
 Испанияның жастар құрамасында ойнаған. Грузия біріншілігінің чемпионы, Беларусия чемпионатының қола жүлдегері атанған екен.
***********************************************************************************************************************
Вунк не подписывал контракт с «Таразом»
Эстония ұлттық құрамасының футболшысы Мартин Вунк «Таразбен» ортақ мәмілеге келе алмады. 
Бұл футболшы Эстония чемпионатында 198 ойын өткізіп,  35 гол соққан.  Арно Пайперс әзірге футболшыға ұсыныс жасаған жоқ. 
***********************************************************************************************************************
Серб Радивоевич прибыл «Шахтер»
27-жасар серб жартылай қорғаушысы Владимир Радивоевич «Шахтёрдың» жаңа ойыншысы атанбақшы. 
Бұрын тек сербиялық клубтарда өнер көрсеткен футболшының ең алғашқы ойнаған командасы - «Лознице». «Раднички»  мен «Младость» клубтарында да ойнаған. Соңғы клубы - «Явор».  Радивоевичтің Қазақстандағы қадамы сәтті болып жатса жаңа маусымда кеншілер сапынан көретін боламыз.
***********************************************************************************************************************
Павлодарлық «Ертіс» командасында сынақта жүрген молдовалық  «Милсамидің» шабуылшысы Гильерме Де Паула команда басшылығына ұнамады. Бразилиялық футболшы «Ертістің» құрамында Түркия жерінде өткен жолдастық кездесулерге қатысты. 
***********************************************************************************************************************
Путинчанин стал игроком «Жетысу»
26-жасар сербиялық жартылай қорғаушы Марко Путинчанин талдықорғандық «Жетісу» командасының 3 - ші легионері атанды. Арунас Климавичюс пен Марко Джаловичтан кейін команда құрамын толықтырған Путинчанин үлкен футболдағы алғашқы қадамын  «Раднички» командасында бастаған. Сербиялық «Земун» мен «Дони Срем», албаниялық «Динамо» командаларында өнер көрсеткен. Соңғы ойнаған клубы - сербиялық «Бежания».
*********************************************************************************************************************
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×