Эль Класико: кім ұтады, кім ұтылады + [бейнешолу]

15.08.2011, 17:29
Эль Класико: кім ұтады, кім ұтылады + [бейнешолу]
14-тамыз күні Испания суперкубогіне таласушы "Реал Мадрид" пен "Барселона" 2-2 тең ойнап, бірін-бірі ала-алмай тарасқан болатын. Қарымта кездесу 17 тамыз күні "Камп Ноуда" өтеді. Қос клуб бұған дейін 214 кездесу өткізіпті. 83 ойын "каталондықтардың" жеңісімен аяқталса, 86 кездесуде «корольдік клуб» жеңіске жетіпті. Ал 45 ойында қос клуб бірін-бірі жеңе алмай, тең түсіпті. Испания суперкубогін Барселона 9 (1983, 1991, 1992, 1994, 1996, 2005, 2006, 2009, 2010) рет қанжығасына байласа, Реал Мадрид 8 (1988, 1989, 1990, 1993, 1997, 2001, 2003, 2008) рет жеңіп алыпты. Суперкубок ойындарында да қос клуб 9 кездесу өткізіпті: 2 кездесуде "Барселона", 5-еуінде "корольдік клуб" ұтып, ал 2 кездесу тең аяқталыпты. 17-тамыз күнгі кездесу алдында сіздерге бейнешолу ұсынбақшымыз:
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×