"Ливерпуль" Қазаннан жеңісті әкетсе, дортмундықтар "Габаланы" ірі есеппен ұтты.
Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-ші турында "Ливерпуль" қазандық "Рубинге" қонаққа барып, 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голдың авторы-Джордан Айб. "Қызылдар" 6 ұпаймен екінші орында тұрса, "Рубин" 2 ұпаймен көш соңында.
Ал, "Боруссия" өз алаңында азербайжандық "Габаланы" ойсырата ұтып, плей-оффқа жолдама алды. "Аралар" 4 ойыннан кейін 10 ұпай еншілеп, топ бастап тұр. Екінші орында "ПАОК"-тан айла асырған "Краснодар" тұр. Кубандықтарда 7 ұпай.
Еуропа Лигасы. Топтық кезең. 4-ші тур.
B тобы.
"Рубин"-"Ливерпуль" 0:1(0:0)
Гол: Айб, 52(0:1).
С тобы.
"Боруссия" Дортмунд – "Габала" 4:0 (2:0)
Голдар:
Ройс, 28 (1:0); Обамеянг, 45 (2:0); Зенев, 67 (3:0, автогол); Мхитарян, 70 (4:0)
"Краснодар" - "ПАОК" 2:1 (1:0)
Голдар: Ари, 33 (1:0), Жоаозиньо, 67 (2:0, пен.); Мак, 90 (2:1)