Ең құнды ойыншылар – Испанияда

14.01.2011, 18:58
Ең құнды ойыншылар – Испанияда
7-bet-en-kundy-oinshlar

Жуырда немістердің “transfermarkt.de” сайтында УЕФА-ға (Еуропа футбол қауымдастығы одағы) мүше мемлекеттердің ұлттық құрама командалары сапында өнер көрсетіп жүрген ойыншылардың жалпы құнын жария етті.

Қай елдің футболшылары трансферлік рынокта қымбат тұратыны айтпаса да түсінікті. Дәл қазір Испанияның өзгелерден көші ілгері. Пириней түбегі түлектерінің құны – 645 миллион еуро. Бразилия, Аргентина, Италия, Германия, Англия, Франция, Португалия, Голландия, Уругвай секілді аяқдоп өнері өркендеп тұрған мемлекеттердің өрендеріне де сұраныс көп. Сол себепті олардың бағасы да шарықтап тұр. Өкініше қарай, ол тізімде жерлестеріміз жоқ. Қазақстан құрама командасының 24 мүшесінің жалпы құны небары 7 миллион 375 мың еуроны құрайды. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ, құнымыз 2 миллион 75 мыңға артты. Бірақ бұл – қуанатын жағдай емес. Өйткені өзге елдердің ерлері әлемдік нарықта қалай бағаланып жатқанын білсеңіз, өзегіңіз өртенеді. Ала допты тәуір тебетіндер былай тұрсын, кешегі КСРО-ның құрамындағы республикалардың біразы бізді артқа тастап кетті. Солардың арасынан жерлестеріміз тек Түрікменстан (1 миллион 875 мың), Қырғызстан (640 мың) және Тәжікстаннан (275 мың) оза алды. Енді Қазақстан құрамасы мүшелері арасынан кімнің аты озып тұрғанын тілге тиек етейік. Неміс сайтының пайымдауынша, біздің елдегі ең қымбат ойыншы Генрих Шмидтгаль екен. Германия чемпионатының екінші бундеслигасында өнер көрсетіп жүрген оның құны – 900 мың еуро. Сонымен қатар Қазбек Гетериев (800 мың), Таңат Нөсербаев (800 мың), Алексей Попов (700 мың), Сергей Хижниченко (475 мың), Самат Смақов (400 мың), Андрей Карпович (400 мың), Нұрбол Жұмасқалиев (325 мың) сынды теңбіл доп шеберлерін “құндылар” қатарынан кезіктіруге болады.

“Айқын”

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×