Энрике "Депортиваға" қарсы ойынға қатысатын футболшыларды жариялады

23.05.2015, 23:31
Энрике "Депортиваға" қарсы ойынға қатысатын футболшыларды жариялады
"Барселонаның" бас бапкері Луис Энрике бүгінгі "Камп Ноуда" өтетін ойынның тізіміне енген футболшыларды атап айтты. Тізімге Дани Алвес, Жерар Пике, Иван Ракитич, Серхио Бускетс және Луис Суарес кірмеді. Католондықтар чемпион ретінде Испан Премьерасының соңғы турында Ла-Коруньядан келген "Депортивоны" қонақ етеді. Негізгі құрамның бірнеше ойыншыларына Энрикенің демалыс берген себебі алда екі маңызды ойын бар. Испан кубогінің финалы мен Чемпиондар Лигасының финалы.   "Барселона": Қақпашылар: Браво, Масип Қорғаушылар: Монтойя, Адриано, Альба, Матье, Бартра, Маскерано, Вермален, Дуглас Жартылай қорғаушылар: Хави, Иньеста, Серхи Роберто, Рафинья Шабуылшылар: Педро, Мунир, Неймар, Месси.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×