Неміс Бундеслигасы аяқталды. Бүгінгі күн бұрыңғыдан өзгерек.

24.05.2015, 03:40
Неміс Бундеслигасы аяқталды. Бүгінгі күн бұрыңғыдан өзгерек.
Сегіз жыл. Осынша уақыт Юрген Клооп "Боруссияның" тізгінін ұстапты. Талай асуды бағындырды. Бундеслиганың екі алтының алды, Чемпиондар Лигасының финалында Юпп Хайнкесстың қаһарлы "Бавариясына" қарсы Лондонда 90 минут бойы тең ойын көрсетті. Бастысы командада өз таңбасын қалдырды. Сексен мыңнан астам жанкүйер "Сигнал Идуна Паркте" көзге жаса ала қимастықпен қоштасты. Айтары бір бәрінің. Danke JURGEN! Иә, бүгінгі күн, бүгінгі ойын бұрыңғыдан өзгерек болды. Қоштасу күні. Қоштасу матчы. Клооптың Дортмундтың жаттықтырушысы ретіндегі ең соңғы ойынында баптаған жігіттері де аянып қалған жоқ. Клопп тізгіндеген "Майнц" та, осы "Боруссия" да жеке бастың құзіретін былай қойып, жанкүйерлер мен жаттықтырушы ойнайтын. Бүгін де солай болды. Төрешінің ысқырысы естілісімен "Боруссия" футболшылары шабуылға лап қойды. Олардың бар ойы мерекенің шырқын бұзбау. Сәнін кетірмеу. Бір апта бұрынғы "Энфилдтағы" Джеррадтың қоштасу матчындағы "Ливерпуль" футболшыларының жігерсіздігін қайталамау. Жеңілуге жерге қарауға құқық жоқ. Жеңіске жетуге жеткілікті голдарды дортмундықтар бірінші таймда-ақ салып тастады. Әуелі Синдзи Кагава есеп ашып, жанкүйерлер бір қуантса, Обамеянг араға екі минут уақыт салып екінші голды соқты. "Вердер" футболшылары есеп айырмасын қысқартқанымен, бірінші тайм аяқталуға үш минут қалғанда, ойын басталысымен алаңда ең белсенді ойын көрсетіп жүрген Мхитарян есепті 3:1-ге жеткізді. Екінші таймда қонақтар тағы есеп қысқартты. Дегенмен, "Вердер" Юргеннің жеңіспен қоштасуына кедергі бола алмады. Бұл Клооптың Дортмундпен қоштасуы. Бірақ, "Боруссия" тізгінінде тағы бір ойын өтізеді. Герман кубогінің финалында, Берлиндегі "Олимпаштадионда" "Вольфсбургпен" күш сынаспақ. Финалдағы жеңіс Клооп үшін тамаша сыйлық болмақ. Ол үшін "Боруссия" барын салады. Қасық қаны қалғанша шайқасады. Оған күмән жоқ. Боруссия Д-Вердер 3:2 (3:1) Голдар: Кагава, 15, Обамеянг, 17, Мхитарян, 42 - Озтунали, 26, Гебре Селассие, 85. Бавария-Майнц 2:0 (1:0) Голдар: Левандовски, 25 (пен), Швайнштайгер, 48. Кёльн – Вольфсбург2:2 (1:2) Голы: Осако, 3, Кнохе (өз қақпасына), 61 – Луис Густаво, 8, Перишич, 15 Боруссия М – Аугсбург1:3 (1:0) Голдар: Раффаэл, 36 – Хейбьерг, 72, Матавж, 77, Мёльдерс, 90+5 Айнтрахт Ф – Байер2:1 (2:1) Голдар: Сеферович, 4, Мадлунг, 39 – Бельараби, 6 Падерборн – Штутгарт1:2 (1:1) Голдар: Вучинович, 4 – Дидави, 36, Гинчек, 72 Ганновер – Фрайбург2:1 (1:0) Голдар: Кийотаке, 3, Крмаш, 84 (өз қақпасына) – Петерсен, 90+2 Гамбург – Шальке2:0 (0:0) Голдар: Олич, 49, Райкович, 58 Сонымен, Неміс Бундеслигасы өз мәресіне жетті. "Бавария", "Вольфсбург", "Боруссия М", "Байер" ендігі жылы Чемпиондар Лигасында өнер көрсетеді. Ал, "Аугсбург", "Шальке", "Боруссия Д" келесі маусымда Еуропа Лигасында Германияның намысын қорғайтын болады. "Фрайбург" пен "Падерборн" Бундеслигадағы орнын босатты.

Турнир кестесі.

 

 
1  БАВАРИЯ 34 25 4 5 80-18 79
2  ВОЛЬФСБУРГ 34 20 9 5 72-38 69
3  БОРУССИЯ М 34 19 9 6 53-26 66
4  БАЙЕР 34 17 10 7 62-37 61
5  АУГСБУРГ 34 15 4 15 43-43 49
6  ШАЛЬКЕ 04 34 13 9 12 42-40 48
7  БОРУССИЯ Д 34 13 7 14 47-42 46
8  ХОФФЕНХАЙМ 34 12 8 14 49-55 44
9  АЙНТРАХТ Ф 34 11 10 13 56-62 43
10  ВЕРДЕР 34 11 10 13 50-65 43
11  МАЙНЦ 34 9 13 12 45-47 40
12  КЕЛЬН 34 9 13 12 34-40 40
13  ГАННОВЕР 34 9 10 15 40-56 37
14  ШТУТГАРТ 34 9 9 16 42-60 36
15  ГЕРТА 34 9 8 17 36-52 35
16  ГАМБУРГ 34 9 8 17 25-50 35
17  ФРАЙБУРГ 34 7 13 14 36-47 34
18  ПАДЕРБОРН 07 34 7 10 17 31-65 31

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
 
   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×