Испан Премьерасы. Чемпион "Барселонаның" жомарттығы

24.05.2015, 06:10
Испан Премьерасы. Чемпион "Барселонаның" жомарттығы
Испан Премьерасының соңғы турында "Барселона" өз алаңында "Депортивомен" тең түсті. Алайда, бұл матчтың католондықтар үшін ешқандай маңызғы жоқ-тұғын. Чемпионатты өткен турда "Атлетико" қарсы Мадридтегі ойында жеңіп алғаны есімізде. Сондықтан да матч алдында Энрикеның алаңға шығарған футболшыларының ішінде Месси мен Неймар ғана негізгі құрамның ойыншылары еді. Ал, "Депортиво" Католония астанасына бір мақсатпен келген болатын. Жоғарғы лигадағы орнын сақтап қалу. Ол үшін жеңілмеуі тиіс.  Алаң иелері 4-ші минутта алға шықты. Месси баспен соққан добы, аргентиналық үшін чемпионаттағы 42-ші голы еді. Тағы 10 минуттай "Барса шабуылдап", бірінші таймның аяғына дейін алаңда жүріп-ақ тынықты. Ал, екінші таймның басында Неймардың пасынан кейін Месси матчта екінші мәрте таблода атын жазды. Бірақ, қонақтар 8 минуттан кейін гол салып, өздері үшін үміт оттан жаққан еді. Шегінерге жол жоғын түсінген "Депортиво" футболшылары алға ұмтылды. Соның арқасында есепті де теңестіріп кетті. "Блауграна" айып алаңындағы қарбалас сәттен кейін Саломау, Премьерадағы алғашқы ойының өткізіп жатқан "Барсаның" үшінші қақпашысы Масиптің қақпасына жойқын соққы бағыттап, команданы Сегунда түсуден аман алып қалған голдың авторы атанды. Қалған уақытта команда бүкіл күшімен қорғанып, өздері үшін алтыннан қымбат тең нәтижені қорғап қала алды. Чемпион атанып қойған "Барселона" бұған қарсылық танытқан да жоқ. Осылайша, чемпиондар чемпионша жомарттық танытып, "Депортивoның" келесі маусымда Премьерада өнер көрсетуіне өз септігін тигізді. Ойынның 85-ші минутында ғұмырының 17 жылын Барселонаға арнаған Хави, "Камп Ноудағы" жүз мыңға жуық жанкүйердің қошеметімен алаңдағы орнын Иньестаға босатты. "Блаугрананың" аңызы көз жасқа да ерік берді. Бірақ, бұл Хави үшін тіпті "Камп Ноудағы" соңғы ойыны емес. Испан кубогінің финалы осы стадионда өтетінін ескерсек, футболшыны алаңда көріп қалуымыз әбден мүмкін. Барселона -Депортиво 2:2 (1:0) Голдар: Месси, 5 (1:0), Месси, 59 (2:0), Лукас, 67 (2:1), Саломау, 76 (2:2) Альмерия-Валенсия 2:3 (2:2) Голдар: Томас, 9 (1:0); Отаменди, 28 (1:1); Сорьяно, 37 (2:1); Фегули, 45 (2:2); Алькасер, 80 (2:3) Гранада -Атлетико 0:0 Малага - Севилья 2:3 (0:0) Голдар:Рейес, 52 (0:1), Банега, 55 (0:2), Видаль, 62 (0:3), Герра, 67 (1:3), Герра, 90 (2:3) Сонымен, Испан Премьерасы да өз мәресіне жетті деуге болады. "Реал Мадрид" пен "Хетафе" арасындағы қалған бір матч бар. Бірақ, бұл ойынның нәтижесі турнир кестесіне ешқандай өзгеріс енгізі алмайды. Сондықтан, осы кесте-чемпионаттың қорытындысы. "Барселона", "Реал Мадрид", "Атлетико", "Валенсия" Чемпиондар Лигасында. Бір қызығы, келесі маусымда Испаниядан Чемпиондар Лигасына бес команда қатысуы мүмкін. "Севилья" Еуропа Лигасының финалында "Днепрден" басым түссе, онда Унаи Эмери командасы аталған төрт ұжымның қатарына қосылады. Ал, финалда жеңілсе "Севилья" мен "Вильяреал" Еуропа Лигасында. Ал, "Эйбар", "Альмерия", "Кордова" келесі маусымда Сегундада ойнауға мәжбүр. 2014/2015 маусымдағы Испан Премьерасы санаулы күндерден кейін "Аладоп" сайтында кеңірек қорытынды жасалатын болады.

 

Турнир кестесі.

 

 
1  БАРСЕЛОНА 38 30 4 4 110-21 94
2  РЕАЛ МАДРИД 37 29 2 6 111-35 89
3  АТЛЕТИКО 38 23 9 6 67-29 78
4  ВАЛЕНСИЯ 38 22 11 5 70-32 77
5  СЕВИЛЬЯ 38 23 7 8 71-45 76
6  ВИЛЬЯРРЕАЛ 38 16 12 10 48-37 60
7  АТЛЕТИК 38 15 10 13 42-41 55
8  СЕЛЬТА 38 13 12 13 47-44 51
9  МАЛАГА 38 14 8 16 42-48 50
10  ЭСПАНЬОЛ 38 13 10 15 47-51 49
11  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 38 15 4 19 46-68 49
12  РЕАЛ СОСЬЕДАД 38 11 13 14 44-51 46
13  ЭЛЬЧЕ 38 11 8 19 35-62 41
14  ХЕТАФЕ 37 10 7 20 30-57 37
15  ЛЕВАНТЕ 38 9 10 19 34-67 37
16  ДЕПОРТИВО 38 7 14 17 35-60 35
17  ГРАНАДА 38 7 14 17 29-64 35
18  ЭЙБАР 38 9 8 21 34-55 35
19  АЛЬМЕРИЯ 38 8 8 22 35-64 32
20  КОРДОВА 38 3 11 24 22-68 20

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×