ЭРИЧТІҢ ҚАТАРЫНАН ҮШ «ҚҰРҒАҚ» СЕРИЯСЫ

21.12.2011, 00:32
ЭРИЧТІҢ ҚАТАРЫНАН ҮШ «ҚҰРҒАҚ» СЕРИЯСЫ

«Астана» футбол клубының ресми сайты өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда. Біздің бүгінгі тақырыбымыз - «Қақпашылардың «құрғақ» сериялары». Өткен маусымда ойындардың түгелге жуығын Ненад Эрич ойнап шықты, ал «құғақ» сериялары бойынша оның бақталастары да болған жоқ. Серб қақпашысының осы маусымдағы есебінде 32 ойын, оның 12-сін ол «нөлмен» тәмамдады. Алайда бүкіл маусымды ойнап шықса да, ол Алексей Белкиннің 2010 жылдың рекордына жете алған жоқ. Дегенмен, бәрін ретімен айтайық. Эрич 2011 жылдың Қазақстан Чемпионатында жіберілген допсыз үш жаман емес серияны ойнап шықты. Наурыз-сәуір айларында ол 354 минут бойы допты өзінің қақпасына жоламатты. Кейін сәуір-мамыр айларында ол өзінің «Астанадағы» жеке рекордын 380 «құрғақ» минутқа дейін ұзартты.
Оны жазғы сериясы одан да жақсы өтіп шықты, маусым-шілде айларында «Астананың» бақталастары елордалық команданың қақпаларына 418 минут бойы доп түсіре алмады. Оның осы нәтижесі Алексей Белкиннің 2010 жылғы рекордына кішкене ғана жетпей қалды, Алексейдің 2010 жылдың көрсеткіші – 431 минут. Алайда Эрич 2009 жылы Роман Нестеренконың «құрғақ» сериясы 415 минутқа созылған көрсеткішінен үш минут ұзақ нәтижені көрсете алды. Белкиннің рекорды туралы сөз қозғағанда, оның сол маусымда төрт кубоктық ойынына қатысып, оның ешбір ойынында доп жіберіп алмағанын айтпай өтуге болмайды. Оның ашық кубоктық сериясы 360 минутқа созылды, ол жаңа маусымда да жалғастырыла алады. Бұл Қазақстан Кубогінің ойындарында астаналық команданың қақпалар бойынша бапкер Евгений Набойченконый шәкірттері Роман Герус пен Алексей Белкин еліміздің жаңа рекордын жаңартып, барлық кубоктық ойындарында ешбір допты жіберіп қоймады. Финалға дейін жеткен командалар бұрын ондайға жете алмаған-ды. Енді басқа командалар осы рекордты қайталай ғана алады, алайда оны жаңартуға қолдары жетпес.
«Астананың» қақпашыларының үздік сериялары келесідей:
1. Алексей Белкин                431      11.09.10 - 15.10.10
2. Ненад Эрич                       418      25.06.11 - 23.07.11
3. Роман Нестеренко            415      06.04.09 - 30.04.09
4. Давид Лория                     397      20.09.09 - 02.11.09
5. Ненад Эрич                       380      24.04.11 - 21.05.11
6. Ненад Эрич                       354      17.03.11 - 16.04.11
7. Роман Герус                      270      26.07.10 - 14.08.10
8. Роман Нестеренко            260      07.03.09 - 06.04.09
9. Роман Герус                      256      25.04.10 - 12.05.10
10. Алексей Белкин              238      06.11.10 - 02.03.11
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×