Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында «Зенитпен» (2:0) болған матчта гол соғып, тарихи белесті бағындырды.
Форвард Еуропадағы басты клубтық турнирде керемет дебют жасады - алғашқы 10 ойында ол 12 гол соқты, деп хабарлады Sky Sports.
20 жастағы норвегиялық шабуылшы бұрын бірден үш шабуылшыға тиесілі болған рекордтан асып түсті. Симоне Индзаги (бұрынғы «Лацио» ойыншысы), Харри Кейн («Тоттенхэм») және Садио Мане («Ливерпуль») алғашқы 10 матчында тоғыз гол соққан.
28 қазанда Дортмундтық "Боруссия" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 2-турында «Зенитке» қарсы ойында жеңіске жетті. Кездесу Дортмундтағы (Германия) "Сигнал Идуна Парк" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Біздің серіктес: FONBET