«ЕРТІСТЕГІ» АУЫС-ТҮЙІСТЕР

12.01.2012, 20:47
«ЕРТІСТЕГІ» АУЫС-ТҮЙІСТЕР
  Еліміздегі футбол клубтары жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Павлодарлық «Ертіс» негізгі құрамның ойыншыларынбекітіп, қысқы оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Талғат Байсуфиновтың командасы келер жылдың 8 қаңтарында Түркияғааттанады. Түркия жеріндегі жаттығу жиындарына шабуылшы Мұрат Тілешев бара алмайды. Бас бапкердің айтуынша, ол жуырдағана операциядан шығыпты. Сол себепті, Талғат Маруаұлы шабуылшымен жаңа келісімшартқа отыруды кейінге шегергенін айтады.Оқу-жаттығу жиынына «Ертістің» болгариялық легионері Георгий Даскалов шақырылды. Дегенмен, клуб басшылығы шабуылшығанақты талаптар қойып отыр. Өткен маусымда команданың үздік шабуылшысы Глеб Мальцев атанды. Оның еңбекақысы Георгийменсалыстырғанда әлдеқайда төмен. Сондықтан, Болгария өкілі үздік деген атқа лайық болуы керек. Клуб басшылығының талабы осы.Сонымен қатар, Анадолы еліне легионерлер Милан Николич пен Марко Балажич бармайтыны анықталды. Бас бапкердің сөзіне сүйенсек, клуб басшылығы еліміздегі белді қақпашылардың бірі Давид Лориямен әріптестікті одан әрі жалғастырады. Давидтің «Ертіс» сапында өнер көрсетуге деген құлшынысы бар. Сондай-ақ, биылғы маусымда «Ертіс» сапында доп тепкен бірқатар ойыншылармен жаңа келісімшарттар жасалды. Владислав Чернышов, Сергей Иванов, Глеб Мальцев пен Павел Шабалин команда сапында қалады. Былтыр «Ертіс» қақпасын күзеткен 24 жасар қақпашы Антон Циринға «Астана» командасы қолқа салып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Антон өткен маусымда 22 кездесуде алаңға шығып, өз қақпасына 35 доп енгізіп алды. Сондай-ақ, ол биыл ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізді. «Ертіс» командасының құрамына «Ақтөбеден» Антон Чичулин мен «Шахтермен» келісімін үзген Қайрат Ұтабаев келіп қосылды. Сонымен қатар, «ақтөбелік» Евгений Аверченко да «Ертісте» ойнауы мүмкін.

Фархат ӘМІРЕНОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×