Эстония құрамасының ойыншысы «Шахтер» сапына келіп қосылды

17.01.2015, 23:49
Эстония құрамасының ойыншысы «Шахтер» сапына келіп қосылды
30-жасар эстониялық қорғаушы Дмитрий Круглов қарағандылық «Шахтердың» сапына қосылды. Тәжірибелі қорғаушы Эстония құрамасында 10 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ұлттық құрама жейдесін 95 матчта киіп 3 гол соқты. Отанында ХЮЙК, «Таллинну ЯК», «Левадия» командаларында өнер көрсетті. Содан кейін мәскеулік «Локомотив» құрамына ауысты. Сонымен қатар Ресейде мәскеулік «Торпедо» және «Ростов» командаларында ойнады. Әзірбайжандық«Нефтчи» мен «Интерде» ойнады. Соңғы клубы әзірбайжандық «Ряван» болды. Эстония чемпионы, екі дүркін Эстония Кубогының иесі. Сонымен қатар екі мәрте Ресейдің қола жүлдегері атанды.Wxw6L_PUnko
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×