ЕУРО – 2012. Кәрі құрлыққа футбол қайта оралады жыл құсындай…

25.03.2011, 20:12
ЕУРО – 2012. Кәрі құрлыққа футбол қайта оралады жыл құсындай…
Ертең Еуропа алаңдарында футбол тойы қайта жалғасын табады. Негізі, кәріқұрлықта күнде той ғой. Футбол үшін. Бірақ ұлттық құрамалар “ұйқыдан” оянып, құрлық біріншілігіне берілер жолдамаға жорықтарын қайта жалғастырады. А тобы. 5 тур Бельгия – Австрия Біздің топтан ертең Австрия мен Бельгия күш сынасады. Бұл екі құрама осыған дейін он бес рет кездесіпті. 10 кездесу Австрияның пайдасына шешілсе, 2 ойында Бельгия басым болған. Ал 3 матч тең. Доп айырмасы – 44:19. Еуропа біріншілігіне іріктеудің алғашқы айналымындағы ойын 4:4 есебімен тең аяқталған еді. Біздің болдам бойынша бұл ойында бір доп айырмасымен Бельгия басым түсуі мүмкін. С тобы. 6 тур Сербия – Солтүстік Ирландия Бұл құрама осыған дейін тек бір рет ойын өткізген. Жолдастық матч… Сол матчта 1:0 есебімен Сербия жеңіп еді.Осы жолы да Сербияның асығы алшысынан түсуі ғажап емес. Словения – Италия Барлығы бес ойын өткізген қос құрама екі реттен жеңіс тойын тойласа, бір мәрте тең түсіпті. Тіпті доп айырмасы бойынша да тең-3:3. Ертең өтер ойында тең аяқталатынын іш сезеді. Д тобы. 5 тур Люксембург – Франция Барлығы 16 ойын өткізіп, 15 ойында Франция жеңген. Сонау 1914 жылы бір жолдастық ойында Люксембург жеңген демесеңіз… Доп айырмасы – 70:16. Бұл жолы Франция жеңіледі деу аңызға бергісіз әңгіме. Е тобы, 6 тур Венгрия – Голландия Есеп-қисап: 14 /+5 =2 -7/ 24:30 І тобы. 6 тур Испания – Чехия Ертеңгі күннің оталық матчы саналатын бұл ойыннан күтеріміз көп. Еуропаның һәм әлем үздігі азулы Чехияға қарсы. Тартысты өтер ойында, әрине, Испания фаворит. Чехия Чехия болғалы (Чехословакияны есептемегенде) бұл елдер екі рет ресми матч өткізіпті. Бір ойында Испания жеңіп, бір ойын тең аяқталған. Доп айырмасы – 1:0.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Алға, «Қайрат»!
Серіктес жаңалықтары
×