«Еуро-2012» тұсауын кесетін стадион бой көтерді

18.12.2011, 23:50
«Еуро-2012» тұсауын кесетін стадион бой көтерді
Польша астанасы Варшавада теңдесі жоқ бірегей стадион бой көтерді. Жаңа спорттық нысанда футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының ашылу салтанаты өтеді деп жоспарланды. Қарт құрлықтың ең ірі базарының орнына тұрғызылған аренаға 58 мың жанкүйер сияды. 3 жылға жалғасқан құрылыс жұмыстары енді 2-3 аптада аяқталады деп күтілуде. Бұл ғимараттың жасыл алаңы топтық кезеңнің 2 матчын қабылдайды. Стадионның маңайына бір мезетте 8 мың көлікті сыйдыратын автотұрақ орын тепкен. Кешеннің озық техникалары УЕФА-ның барлық сұранысына жауап береді. Арена алдағы жылдың ақпан айында ашылады деп күнтізбеге белгіленді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Келесі жаңалық
Aladop Youtube
×