Еуро-2020 турнирі Еуропаның 12 қаласында өтуі мүмкін

06.11.2020, 01:49
Ресейдің стадиондары мен қазіргі пандемиялық жағдайын ескеретін болсақ, турнирді өткізуге өте қолайлы жер болып табылады.
Еуро-2020 турнирі Еуропаның 12 қаласында өтуі мүмкін

Белгілі болғандай, УЕФА Еуро-2020 ойындарын 12 қала мен 12 түрлі еуропалық елдерде өткізбекші.

«УЕФА Еуро-2020 турнирін осы жылдың басында бекітілген форматта және әр түрлі қалаларда өткізуге ниетті және дайындық барысында ойынды қабылдайтын барлық қалалармен тығыз жұмыс істейді. УЕФА қазір 12 аренада да жанкүйерлердің толып отыруы үшін жағдай жасауда», - деді ақпарат көзі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Le Parisien басылымы келесі жылдың жазында Еуро-2020 турнирі бір елде өткізілуі мүмкін екенін, және Ресей басты үміткер екенін жариялаған болатын, бірақ бұл ақпараттың жалған екені белгілі болды.

Бастапқыда турнир Еуропаның 12 қаласында, оның ішінде Санкт-Петербургте өтуі керек еді. Санкт-Петербургтен бөлек, Еуро-2020 матчтарын Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Дублин, Копенгаген, Бильбао, Глазго, Будапешт және Амстердамда өткізу жоспарланған. Алайда коронавирустық пандемияға байланысты турнир 2021 жылға ауыстырылды. Ол 11 маусым мен 11 шілде аралығында өтеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×