Еурокубок-13. "Ақтөбе" биыл да сенімді ақтауы тиіс

25.06.2013, 02:40
Еурокубок-13. "Ақтөбе" биыл да сенімді ақтауы тиіс

Бүгін Швейцарияның Ньеон қаласында еурокубоктық ойындардың жеребесі тартылды. Биылғы маусымда ел командаларының кімге қарсы шығары белгілі болды. Бірақ дегенімен, белгісіз тұстар да жоқ емес. Әсіресе Еуропа лигасында өнер көрсететін "Астана" командасының алғашқы қарсыласы кім болары түсініксіз. Негізі жеребе бойынша оған Болгария чемпионатының үшінші орын алған командасы түсуі тиіс еді.  Ол команда Христо Стойчков баптайтын ЦСКА болуы керек-тін. бірақ, аталған ұжымның соңғы кездері қаржы тапшылығын басынан өткеріп жатқандығына байланысты, оның орнын өзге бір болгариялық ұжым басып қалуы әбден ықтимал.  Біздің болжам бойынша ол Ботев Пловдив командасы болып қалуы ғажап емес. 4 шілде күні "Астана-Аренада" алғашқы ойын өтсе, жауапты ойын 11 шілде күні Болгария жерінде өтеді.

Егер де "Астана" келесі, екігші іріктеу кезеңіне өтетін болса оны «Санта-Колома» (Андорра) — «Зриньски» (Босния) жұбының жеңімпазы күтіп тұрады. 90 пайыздық шешімділікпен айтатын болсақ, ол жұптың жеңімпазы босниялық ұжым екендігіне ешкім қарсылық білдіре қоймас. Ал енді болжам айтар болсақ, Мирослав Беранек баптайтын команда алғашқы кедергіні айналып өтсе, босниялық командамен де еркін ойнай алады. Екі ұжымның джа шама шарқы, бюджеті де біздің ұжымнан төмендеу. Сондықтан да біздің ойымызша барлығы жақсы өрбісі "Астана" үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетуі бек мүмкін.

Дәл осындай мүмкіндіктерді біз "Ақтөбеде" де бар деп есептейміз. Еуропа лигасында тәжірибиесі әжептәуір команда биыл да біздің елді кәрі құрлық ареналарында аброймен қорғайды деп есептейміз. Жеребе де жолдас болды деп айта аламыз. 4 шілде күні ақтөбеліктер Арменияның "Гандзасар" командасымен күш сынасады. Жауапты шешуіші ойынның қазақстанда өһтетіндігі де біздің команда үшін қол болғаны белгілі. Өйткені, өздеріңіз білетіндей екі ойыннан тұратын мұндай теке тірестерде жауапты ойынның өз алаңыңда өткені абзал.

Ішкі біріншіліктегі жағдайын жақсартып алған Никитенко жігіттері ел кубогының де жартылай финалына жолдама алып қойған. Енді тек еурокубоктық ойындарға белсене кірісу қалып отыр олар үшін. Жазғы ойыншылар ауысымы кезеңінде Сергей Давыдов секілді ойыншымен шабуыл өтін күшейткен "Ақтөбе" екінші іріктеу кезеңінде Норвегияның "ХЕДД" командасымен күш сынасуын күтеміз. Өткен жылғы "Руссенборгтың" өзімен тең ойнауға болатынын "Ордабасы" жақсы дәлелдеп берген еді. Енді "Руссенборгқа" қарағанда әлсіздеу саналатын "ХЕДД" командасын "Ордабасыдан" күштірек келетін "Ақтөбе" ұжымы айналып өтуі тиіс деп білеміз (алғашқы ойын Норвегияда 18-шілде күні өтсе, жауапты ойын Ақтөбе қаласында 25 шілде күні өтпек). Демек, сәттілік жолдас болып, жасыл алаңның жолы бізге ашық болса Еуропа лигасының үшінші іріктеу сынында екі бірдей ұжымымыздың өнерін көріп те қалармыз.

Еуропа лигасындағы үшінші ұжымымыз Керекулік "Ертістің" жеребеде жолы болды  деп айта алмайсыз. 1-іріктеу кезеңіндегі жеке коэфиценті ең жоғары болған команданың бірі Софиялық "Левски" "Ертістің" алғашқы әрі соңғы қарсыласы болатын секілді. Өткен жылы ел чемпионы атануға 1-ғана ұпайы жетпей қалған "Левскидің" биылғы қарқыны да жаман емес. Біздің елде біршама жыл өнер көрсеткен, Қазақстан азаматы Константин Головской кезінде осы дүркіреген "Левски" сапында жемісті өнер көрсеткен болатын. "Ертістің" жалғыз басымдылығы 11-шілде күні Павлодарда өтетін жауапты матчта болмақ. Бәлкім, Талғат Маруанұлының таңдаған тактикасы іске асып, қорғанысты мықтап бекіткен командасы келесі кезеңге өтіп кетер, кім білсін?!

Ал, енді Әлемдегі ең мықты клубтық турнирге тоқталсақ. Чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңінде ел чемпионы қарағандылық "Шахтер" Белорусь чемпионы "Батэге" қонаққа барады. Осы жақында ғана аяқталған чемпиондар лигасының жеңімпазы "Бавария" командасын өз алаңында 3-1 есебімен ұтқаны есімізде. Міне, дәл сол белорусь командасы енді "Шахтерден" сынақ қабылдамақ. Виктор Кумыков командасы биыл чемпиондар лигасына жақсы дайындықпен келіп отыр. Оның үстіне шабуыл өтін күшейтү үшін "Ақжайық" командасының шабуылшысы Игорь Зеньковичті өз қосындарына алдыртқан болатын. Ал сол Зенькович "Батэнің" футбол академиясының түлегі болатын. Қарағандылық команда кезінде МТЗ-РИПО деп аталатын Белоруссиялық ұжыммен күш сынасып, екі ойын қорытындысы бойынша интертото кубогынан шығып қалған еді.  Шынын айтқанда, чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне өтетін мүмкіндік қазақстандық клубта төмендеу. Ойындар алдымен Борисов қаласында 16/17 шілде күні, ал жауапты ойын Қарағандыда 23/24 шілде күні өтеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Байқау қорытындысы
Серіктес жаңалықтары
×