ЕУРОПА ЛИГАСЫ: ЕКІНШІ МӘРТЕ ТЕҢ ЕСЕП

26.10.2013, 05:47
ЕУРОПА ЛИГАСЫ: ЕКІНШІ МӘРТЕ ТЕҢ ЕСЕП
УЕФА Еуропа лигасының кезекті кездесуінде Қарағанды қаласының «Шахтер» футбол клубы өз алаңында «АЗ» командасымен тең түсті. Осыған дейін елімізге келген «АЗ» дәл осылай қазақ жерінен тең нәтижемен кеткен болатын. Өз алаңында «АЗ», «Ақтөбені» ұтып кеткен еді. Ойын жақсы басталды. Хижниченокның, Каньястың, Казариянның  гол салатын бір емес бірнеше мүмкіндіктері болды. Қақпашымен бетпе-бет келіп тұрып гол сала алмадық. Финонченконың голы қызық, «Селтик» футбол командасына салған голды еске түсіреді. Вичюс қолымен қапталдан допты асырды, әуелеп келген допты Симчеви, Финонченкоға қарай басымен асырды. Бұрыштан шыға келген Қарағанды қаласының клубының каптианы Финонченко жата-жастанып гол салды. Қақпаның бағанасына соғылған капитан біразға дейін ауырсынып жатты. Бұл гол «Астана Аренаны» бір лекпен шулатты. Жиналған жанкүйерлердің жүздеріне қуаныш ұялады.  Араға уақыт салып  қонақ команданың ұйымдастырған шабуылдары нәтижелі болды. Юханссон берген пасқа, «кеншілердің» қорғаушыларын қиып өтіп қақпашы Мокинмен жүзбе-жүз жолыққан үздік жас ойыншылардың бірі Гудмундссон есепті теңестіріп кетті. Бірінші таймда салынған голдар ойын аяғына дейін сақталды. «Шахтер» осымен екінші мәрте өз алаңында тең есеппен ойнап отыр. Келесі кездесулерде «Шахтер» командасына тек жеңіс керек. «Кеншілер» келесі ойындарын  7 қараша күні сырт алаңда «АЗ» командасымен қайта жолығады. 2015153_w1   «ШАХТЕР» (Қарағанды) – «АЗ АЛКМААР» (Голландия) 1:1 (1:1). Астана. «Астана Арена». Бас төреші: Владимир Володин (Украина). Голдар: Финонченко 11 (1:0),  Йохан Гудмундссон 26 (1:1). Сары қағаз алды: Порываев 45, Василевис 59, Эстебан 59. «Шахтер, Қарағанды» (Қазақстан): Александр Мокин, Никола Василевич,Алдин Джидич, Сергей Малый 76 (Евгений Тарасов), Андрей Порываев, Александр Симчевич, Гедиминас Вичюс, Геворг Казарян, Роджер Каньяс 89 (Мақсат Байжанов), Андрей Финонченко, Сергей Хижниченко 86 (Игорь Зенькович). «АЗ Алкмаар» (Голландия): Альварадо Эстебан, Ян Вейтенс, Ник Виргевер, Джеффри Гаувелеув, Маттиас Юханссон, Неманья Гудель, Маартен Мартенс, Сельсо Ортис, Рой Бееренс, Йохан Гудмундссон, Арон Йоханссон.

р/с

Клубтар

Ойын өткізді

Жеңіске жетті

Тең түсті

Жеңіліп қалды

Доп айырмасы

Жалпы ұпайы

1

 «АЗ АЛКМААР» (Голландия)

 3

1

2

0

3-2

5

2

 «ПАОК» (Греция)

2

1

1

0

3-2

4

3

 «ШАХТЕР» (Қазақстан)

3

0

2

1

4-5

2

4

 «МАККАБИ» (Израиль)

2

0

1

1

2-3

1

 
www.alaman.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×