Еуропа Лигасы. Клопп Дортмундқа қарсылас ретінде барады.

18.03.2016, 23:30
Еуропа Лигасы. Клопп Дортмундқа қарсылас ретінде барады.
Жеребе Еуропа Лигасының ширек финалында "Боруссия Д" мен "Ливерпульдің" жолын түйістірді. Бүгін Ньон қаласында Еуропа Лигасының ширек финалының жеребесі тартылды. Турнирдің басты фавориттері өзара кездессе, осы жарыстың былтырғы чемпиондары "Севилья" "Атлетикке" қарсы қос ойын өткізеді. Еске сала кетсек, басктар 1/8 финалда тағы бір испандық ұжым "Валенсияны" қапыда қалдырға болатын. Жеребе нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. Бірінші болып тұрған команда, алғашқы кездесуді өз алаңында өткізеді. "БРАГА" (Португалия) - "ШАХТЕР" (Украина) "ВИЛЬЯРРЕАЛ" (Испания) - "СПАРТА" (Чехия) "АТЛЕТИК" (Испания) - "СЕВИЛЬЯ" (Испания) "БОРУССИЯ" (Д, Германия) - "ЛИВЕРПУЛЬ" (Англия)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×