Тьерри Анри: "ПСЖ"-ға қарсы матчтарда "Манчестер Сити" допқа иелік етпейді"

18.03.2016, 23:18
Тьерри Анри: "ПСЖ"-ға қарсы матчтарда "Манчестер Сити" допқа иелік етпейді"
Атақты француздық футболшы, 'Арсенал" мен "Барселона" клубтарының бұрыңғы шабуылшысы Тьерри Анридің айтуынша, Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы "ПСЖ" мен "Манчестер Сити" арасындағы текетірес қызықты өтпек.
"Жеребенің бізге осындай текетірес сыйлағаны, әрине, көңіл қуантады. Екі ойында да қызықты өтеді деп ойлаймын. Қос команда үшін допқа иелік етудің маңызы өте зор болмақ. Чемпиондар Лигасында біз Премьер-Лигадағыдан мүлде басқа "Манчестер Ситиді" көреміз. Үздік ойын өрнегін көрсету үшін Сильва, Туре, Агуэро секілді футболшылар нағыз бабында болуы тиіс. "ПСЖ" "Челсиға" қарсы екі ойында да өз ойының жүргізді. Сондықтан "Манчестер Ситиге" ойын жүйесін өзгерту керек" 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×