Еуропа лигасы мен Конференция лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

15.04.2022, 14:33
Алғашқы ойындар 27-28 сәуірде, ал жауапты матчтар 4-5 мамырда өтеді.
Еуропа лигасы мен Конференция лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

Еуропа лигасының жартылай финалына өткен барлық командалар анықталды. Жүлде үшін күресті англиялық «Вест Хэм Юнайтед», германиялық «Айнтрахт» пен «РБ Лейпциг», сондай-ақ шотландиялық «Рейнджерс» жалғастырады.

Турнирдің 1/4 финалындағы жұптар:

«Вест Хэм» - «Айнтрахт»

«РБ Лейпциг» - «Рейнджерс»

Ал Конференция лигасының жартылай финалына англиялық «Лестер Сити», италиялық «Рома», голландиялық «Фейеноорд» және франциялық «Марсель» жолдама алды.

Турнирдің 1/4 финалындағы жұптар:

«Лестер Сити» - «Рома»

«Фейеноорд» - «Марсель»

Еуропа лигасы мен Конференция лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойындар 27-28 сәуірде, ал жауапты матчтар 4-5 мамырда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×