Еуропа лигасының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды

25.02.2022, 23:24
10 наурызда Еуропа лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтеді. Қарымта ойындар 17 наурызға жоспарланған.
Еуропа лигасының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды

Бүгін, 25 ақпанда Ньон қаласында (Швейцария) УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе нәтижелері мынадай:

  • «Рейнджерс» (Шотландия) — «Црвена Звезда» (Сербия);
  • «Брага» (Португалия) – «Монако» (Франция);
  • «Порту» (Португалия) – «Лион» (Франция);
  • «Аталанта» (Италия) – «Байер» (Германия);
  • «Севилья» (Испания) – «Вест Хэм Юнайтед» (Англия);
  • «Барселона» (Испания) – «Галатасарай» (Түркия);
  • «Лейпциг» (Германия) – «Спартак» (Ресей);
  • «Бетис» (Испания) – «Айнтрахт» (Германия).

10 наурызда Еуропа лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтеді. Қарымта ойындар 17 наурызға жоспарланған. Турнирдің шешуші матчы Севильядағы «Роман Санчес Писхуан» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×