Еуропа лигасының финалына шыққан командалар анықталды

06.05.2022, 14:12
«Айнтрахт» 1980 жылдан бері, ал «Рйенджерс» 2008 жылдан бері алғаш рет еурокубок турниріне шығып отыр.
Еуропа лигасының финалына шыққан командалар анықталды

Кеше, 5 мамырда Еуропа лигасының жартылай финалындағы қарымта ойындар өтті.

Германиялық «Айнтрахт» өз алаңында англиялық «Вест Хэм Юнайтедті» қабылдады. Кездесу 1:0 есебімен франкфурттік команданың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды шабуылшы Рафаэль Борре соқты. Екі матчтың қорытындысы бойынша (2:1, 1:0) «Айнтрахт» Еуропа лигасының финалына шықты.

Тағы бір жартылай финалдық кездесуде «Рейнджерс» пен германиялық «РБ Лейпциг» командалары кездесті. Тартысты өткен матчта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойынның қорытындысы бойынша (0:1, 3:1) «Рейнджерс» турнирдің финалына жоллама алды.

Осылайша ақтық сында «Айнтрахт» пен «Рейнджерс» өзара мықтыны анықтайды. Еуропа лигасының финалы 18 мамырда Севильядағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×