Еуропа лигасының осы маусымдағы үздіктері анықталды

21.05.2022, 03:02
Турнирдің үздік ойыншысы мен сұрмергені, сондай-ақ символикалық құрамы белгілі болды.
Еуропа лигасының осы маусымдағы үздіктері анықталды

«Айнтрахттың» жартылай қорғаушысы Филип Костич Еуропа лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі хабарлады. 29 жастағы сербиялық футболшы 12 матчта 3 гол соқты және 6 нәтижелі пас беріп, командасының жеңімпаз атануына көмектесті.

«Айнтрахттың» шабуылшысы Ансгар Кнауфф Еуропа лигасының ағымдағы маусымдағы ең үздік жас ойыншысы деп танылды. 20 жастағы футболшы 7 кездесу өткізіп, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды.

«Рейнджерстің» қорғаушысы Джеймс Тавернье Еуропа лигасының үздік сұрмергені атанды. Шотландиялық команданың капитаны турнирде 14 матчқа қатысып, 7 гол соқты (төртеуі пенальтиден). Одан бөлек, 30 жастағы ойыншы екі нәтижелі пас берді. Ал сұрмергендер тізімінде екінші және үшінші орындарды португалиялық «Брага» мен «Порту» командаларында өнер көрсеткен шабуылшы Галено мен франциялық «Лионның» шабуылшысы Карл Токо-Экамби (6 голдан) иеленді.


Сондай-ақ УЕФА ресми сайты Еуропа лигасының осы маусымдағы символикалық құрамын жариялады:

Қақпашы: Кевин Трапп («Айнтрахт»)

Қорғаушылар: Крейг Доусон («Вест Хэм»), Мартин Хинтереггер («Айнтрахт»), Кальвин Басси («Рейнджерс»).

Жартылай қорғаушылар: Джеймс Тавернье («Рейнджерс»), Конрад Лаймер («РБ Лейпциг»), Деклан Райс («Вест Хэм»), Филип Костич («Айнтрахт»).

Шабуылшылар: Кристофер Нкунку («РБ Лейпциг»), Рафаэль Борре («Айнтрахт»), Райан Кент («Рейнджерс»).


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×