Еуропа лигасының ширек финалдық жұптары белгілі болды

18.03.2022, 23:55
Алғашқы ширек финалдық ойындар 7 сәуірде өтеді. Қарымта кездесулер 14 сәуірге жоспарланған.
Еуропа лигасының ширек финалдық жұптары белгілі болды

Бүгін, 18 наурызда Ньон қаласында (Швейцария) УЕФА Еуропа лигасының 1/4 финалына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе нәтижелері мынадай:

«РБ Лейпциг» (Германия) – «Аталанта» (Италия)

«Айнтрахт» (Германия) – «Барселона» (Испания)

«Вест Хэм Юнайтед» (Англия) – «Лион» (Франция)

«Брага» (Португалия) – «Рейнджерс» (Шотландия)

Сондай-ақ жартылай финалда кездесетін жұптар да белгілі болды:

«РБ Лейпциг» – «Аталанта»/«Брага» – «Рейнджерс»

«Вест Хэм Юнайтед» – «Лион»/«Айнтрахт» – «Барселона»

Алғашқы ширек финалдық ойындар 7 сәуірде өтеді. Қарымта кездесулер 14 сәуірге жоспарланған.

Еуропа лигасының финалы 18 мамырда Севильядағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×