Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының Одағы (ЕФҚО,УЕФА)

24.08.2011, 00:52
Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының Одағы (ЕФҚО,УЕФА)
Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының Одағы (ЕФҚО,УЕФА, UEFA: Union of European Football Associations) — Еуразия материгінің Еуропа бөлігінде орналасқан елдердің Ұлттық Футбол Қауымдастықтарының басын біріктіретін халықаралық спорттық ұйым, ФИФА-ның құрамына кіретін алты құрлықтың футбол одақтарының бірі (ең ықпалдысы әрі ең байы). Оның құрамына бір бөлігі батыс Азияда жатқан елдер және Азияда жатқан Израиль де кіреді.
Президенті: франциялық Мишель Платини; Бас хатшысы: итальяндық Джанни Инфантино; Штаб-пәтері: Ньон қ., Швейцария; Ресми тілдері: ағылшын, неміс және француз тілдері.
Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының одағы 1954 жылы 15-ші маусымда Швейцарияның Базель қаласында құрылды. Одақтың құрылуына Франция, Италия және Бельгия елдерінің футбол қауымдастықтары ұйытқы болды. Алғашында 25 ел мүше болған УЕФА-ның бүгінгі күндегі мүше елдерінің саны 53-ке жетті. Одақтың құрылған кездегі штаб-пәтері Париж қаласында болды. 1959 жылы Швейцарияның Берн қаласына көшті. Ол жерде 1995 жылға дейін болып, кейін Швейцарияның  Берн қаласына көшті. Ол жерде 1995 жылға дейін болып, кейін Швейцарияның Ньон қаласына ауысты. ЕФҚО құрылғалы бері оны алты басшы (президент) басқарды. Алғашқысы — даниялық Эббе Шварц (1954–1962 жж.), қазіргісі — франциялық Мишель Платини (2007 ж. бері). Ал осы қызметте ең ұзақ уақыт (17 жыл) болған басшы — швециялық Леннарт Юханссон (1990–2007 жж.). Ол қазір — УЕФА-ның құрметті президенті. Одақтың ең алғашқы бас хатшысы — франциялық Анри Делоне. УЕФА тек спорттық жарыстарды ұйымдастырып қана қоймай, ұлттық қауымдастықтардың әкімшілік істеріне де араласады. Жарнама мен трансляциядан түсетін қаржыны клубтар мен ұлттық құрамалар арасында бөлір отыратынын құзырлы мекеме қызметінде атқарады. УЕФА-ға мүше елдердегі клубтарда әлемнің ең мықты, ең қымбат футболшылары ойнайды: әсіресе Англия, Испания, Италия және Германия елдерінде. Өйткені ондағы футболдың төңірегінде қыруар қаржы айналымда болады. Футбол тек қана спорт емес, сонымен қатар, бизнеске айналған. УЕФА шеңберінде өткізілетін ұлттық құрамалар арасындағы турнирлер. Футболдан Еуропа Чемпионаты (әрбір 4 жыл сайын, 1958 ж. бері) Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты (21 жасқа дейін) Футболдан 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаттары (19 жасқа дейінгісі 1948 ж. бері, 17 жасқа дейінгісі 1982–2001 жж. 16-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтті). Әйелдер арасында жоғардағы турнирлердің тек Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты ғана ұйымдастырылмайды. Қалғандары ұйымдастырылады. Футзалдан Еуропа чемпионаты УЕФА мен КАФ (Африка Футбол Конфедерациясы) бірігіп өткізетін 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы УЕФА-КАФ Меридиан кубогі (2 жыл сайын) УЕФА шеңберінде өткізілетін клубтық командалар арасындағы турнирлер. УЕФА Чемпиондар Лигасы. УЕФА Еуропа Лигасы. УЕФА Суперкубогі. Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасы. УЕФА Футзал кубогі. Бұрындары өткізілген турнирлер Уефа Кубок иегерлерінің кубогі Интертото Кубогы УЕФА Кубогы УЕФА құрамына кіретін елдердің территориялары( УЕФА картасы)

Еурокубоктарда ең көп ойын өткізгендер тізімі

1 Ойыншы Елі Ойыны Гол саны
1 Паоло Мальдини ИталияИталия 168 3
2 Кларенс Зеедорф НедерландияНедерланд 147 15
3 Рауль ИспанияИспания 141 70
4 Оливер Кан ГерманияГермания 141 0
5 Роберто Карлос БразилБразилия 141 20
6 Луиш Фигу ПортугалияПортугалия 140 28
7 Тьерри Анри ФранцияФранция 139 59
8 Хавьер Дзанетти АргентинаАргентина 134 4
9 Райан Гиггз Flag of Wales 2.svg.pngУэльс 133 27
10 Роар Странд НорвегияНорвегия 133 20

Еурокубоктарда ең көп доп соққан сұрмергендер

1 Ойыншы Елі Ойыны Гол саны
1 Филиппо Индзаги ИталияИталия 114 70
2 Рауль ИспанияИспания 142 69
3 Герд Мюллер ГерманияГермания 74 66
4 Андрей Шевченко УкраинаУкраина 131 64
5 Рууд ван Нистелрой НедерландияНедерланд 92 62
6 Хенрик Ларссон ШвецияШвеция 108 59
7 Тьерри Анри ФранцияФранция 139 59
8 Эйсебио ПортугалияПортугалия 76 57
9 Алессандро Дель Пьеро ИталияИталия 126 53
10 Альфредо ди Стефано АргентинаАргентина 59 49
Мәліметтер malimetter.org және wikipedia.org сайттарынан алынды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×