Беранек ұлттық құраманың ойыншылар тізімін жариялады

24.08.2011, 03:50
Беранек ұлттық құраманың ойыншылар тізімін жариялады
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек келер айдың 2-сі мен 6-сында Түркия мен Әзірбайжан командаларымен өтетін кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз сырт алаңда Түркия және Әзербайжан құрамаларымен кездеседі. Қазақстан құрамасының ойыншылары 26 тамызда Алматыда жиналады. Бір күн бұрын премьер-лиганың 25-ші турын өткізетін футболшылар, сосын Талғардағы базада оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Чех маманы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне жаңадан Тараз қорғаушысы Нұртас Кургулинді шақырды. Ал өзгелері ұлттық құраманың жейдесін бұған дейін де кигендер. Ұлттық құраманың негізгі футболшылары қатарындағы қақпашылар Владимир Логиновский, Александр Мокин және Антон Цирин. Қорғаушылардан Қайрат Нұрдәулетов, Юрий Логвиненко, Мұхтар Мұхтаров, Марк Гурман, Нұртас Кұргулин, Михаил Рожков, Александр Кировтар шақырту алса, Жартылай қорғаушалар қатарында Максат Байжанов, Марат Хайруллин, Генрих Шмидтгаль, Серікжан Мужиков, Ұлан Қонысбаев, Марат Шахметов, Казбек Гетериев, Жамбыл Көкеев, Виталий Евстигнеевтер бар. Және Сергей Остапенко, Таңат Нөсербаев, Сергей Гридин, Сергей Хижниченко төрттігіне шабуылды үдетуді сеніп тапсырылған. Айтып өтейік, жерлестеріміз, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы екі матчты да, сырт алаңда ойнайтын болады. Қазақстан ұлттық телеарнасы және Хабар агентігі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×