Бүгін түнде Еуропада чемпиондар лигасында қарымта матчтар ойналады

24.08.2011, 04:33
Бүгін түнде  Еуропада чемпиондар лигасында қарымта матчтар ойналады
Бүгін түнде Еуропада чемпиондар лигасында қарымта матчтар ойналады. Цюрихке қонаққа баратын «Бавария» алғашқы кездесуде швейцариялық клубтың қақпасына жауапсыз қос гол соққаны есімізде. Былтырғы маусым бундеслиганы үшінші орынмен аяқтаған «Бавария» осы жолы еурокубокте топ жару үшін барын салмақ. Неміс клубына жаңадан тағайындалған бас бапкер Юпп Хайнкес өз командасының топтық кезеңге шығатынына сенімді. Осының алдында «Гамбургты» тас-талқан қылған баварлық футболшылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Бүгінгі ойынға неміс бапкері қосалқы құраманы қосуы да ғажап емес. Соңғы кездесуде негізгі құрамда өнер көрсеткен Анатолий Тимощукты осы жолы да жасыл алаңнан көріп қалуымыз мүмкін. Өз кезегінде швецариялық клубтың бас бапкер Урс Фишер де өз жанкүйерлерін қуанту үшін бүгін бәсекеде аянып қалмайтындарын білдірді. www.ktk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×