Қазақстан жастар құрамасы (U-17) "Паланга" кубогін жеңіліспен бастады

24.08.2011, 04:56
Қазақстан жастар құрамасы (U-17) "Паланга" кубогін жеңіліспен бастады
Қазақстан жастар құрамасы (U-17) "Паланга" кубогін жеңіліспен бастады. Украиналықтармен болған бұл кездесу қос құрама үшін де тең дәрежеде өрбіді. Алайда ойынның  бітуіне 5-минут қалғанда қолда бар тең нәтижеден айырылып қалдық. Алғашқы болып алғашқы тайм аяғында Украиналықтар есеп ашты, ал отандастарымыз болса ойынның 69-минутында есепті 1-1 ге жеткізді. "Ақжайық" жартылай қорғаушысы Антиповтың асырған пасын "Ертіс" ойыншысы Владимир Воменко голға айналдырды, дегенмен Александр Головко шәкіртері  дегенінен қайтпай жеңісті жұлып әкетті. Қазақстан — Украина 1:2 Қазақстан жастар құрамасы (U-17): Голубничий, Таипов, Нұралы, Қанатов, Моисеев, Жағыппар, Антипов, Воменко, Сулей, Айымбетов, Морозов Ауысым: Лебедев, Балғабаев, Алиев, Сахибов, Тұржанов, Құдайберген. sports.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×