Самат Сымақов Қазақстан ұлттық құрамасында енді ойнамайтынын жариялады

24.08.2011, 15:50
Самат Сымақов Қазақстан ұлттық құрамасында енді ойнамайтынын жариялады
32-жасар Семей саңлағы, 6 дүркін Қазақстан чемпионы, 4 мәрте еліміздің үздік ойыншысы атанған "Ақтөбе" клубының  капитаны Самат Сымақов "Sports.kz" сайтына таңғалдырар сұхбат берді. Сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасында енді ойнамайтынын жариялады.
— Бұл шешімді қашан қабылдадыңыз?
— Сирия құрамасымен өткізген жолдастық  кездесуден кейін бұл шешімді қабылдадым. Достарым аталмыш ойынды дискіге жазып алыпты. Мен бұл ойынды кері қарап шығып, осындай қорытындыға келдім.  Үш күн ойланып, толғанып, қабырғаммен кеңесіп, Мирослав  Беранеккеде өз шешімімді ашып айттым.Ол да бұл ойымды құптады. Мен Беранекті және жаттықтырушылар штабын сыйлаймын. Дегенмен, жасым келді,  ұлттық құраманы жарға жыққым келмегендіктен, енді құрама туын жастарға сеніп тапсырамын. Ендігі кезекте клбутық карьерамды жалғастырғым келеді.
—Ең алғаш ұлттық құрама сапына қашан іліктіңіз?
—Иә, әрине есімде. Алғаш 1998 жылы  Сергей Алексеевич ұлттық құрама сапында оқу-жаттығу жиынын өткізуге шақырды. Бірақ, бұл тек дайындық қана. Ал, алғашқы ресми кездесуімді  Воит Хамидович ұлттық құраманы жаттықтырған кезде өткіздім. Мен бұл екі кісіге де, тіпті, мені жаттықтырған әрбір бапкерге дән ризамын.
— Сіздің ойыңызша, қазіргі ұлттық құрама сапындағы ойыншылар арасынан құрама туын ұстар көшбасшы кім?
— Қазіргі уақытта ұлтық құраманың тасын өрге домалатар ойыншылар баршылық. Олар Ұлан Қонысбаев, Жамбыл Көкеев, Таңат Нөсербаев, Юра Логвиненко. Мені ойымша, қазақ футболын дамытып, биік шыңға көтеретін осылар
— Ұлттық құрамаға болашақ та қандай тілек тілейсіз?
—Әрбір адам баласы өз елінің командасына әманда жақсылықтар ғана тілейді.  Мен әрдайым Беранекпен кездесіп,ұлттық құрамадағы әріптестеріммен араласып тұрамын. Және оларға мен ойлаған ойлары, арман-тілектері іске ассын деп тілеймін. Және ұлттық құрамадағы карьерамды аяқтасамда, ел футболына әлі де үлес қоссам деймін.
Автор: Думан Балықбаев
Аударған: Аладоп.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×