Қонақта қойша таланған Мальмені Динамо Загребке салған қос голы қолдамады

24.08.2011, 16:35
Қонақта қойша таланған Мальмені Динамо Загребке  салған қос голы қолдамады
Кеше  түнде Еуропада чемпиондар лигасында қарымта матчтар ойналды. Цюрихке қонаққа барған «Бавария» барын салмаса да, бас бапкер Юпп Хайнкестің топтық кезеңге өтеміз деген сөзін орындады. Алғашқы кездесуде швейцариялық клубтың қақпасына жауапсыз қос гол соққан бавариялықтар қарымта ойында да қарап қалмай 1-0 есебімен жеңіске жетті. Оденсе алаңынан алаңдаулы қайтқан Вильяреал  өз алаңында Оденсенің алқымынан алды. Өз алаңында ширақ қимылдап, ойсырата ұтқан Вильяреал топтық кезеңге өтті. Осындай жәйт  сары уайымға  салған АПОЕЛ   де өз алаңында Висла Краковтан басым түсті. Парейко автоголы және Айлтонның екі  голы қосылып, қонақтарды плэй-офф кезеңінен әрі асырмады. Ал, қонақта қойша таланған Мальмені Динамо Загребке  салған қос голы қолдамады. Генк пен Маккаби Хайфа болса қос ойын нәтижесінде тең түсті. Ойын тағдырын 11-метрлік соққы шешті. Пенальтиден жаңылмаған Генк сарбаздары Маккаби Хайфаны қапыда қалдырды. Генк         2-1     Маккаби Хайфа Голдар: Воссен 35', Буффель 41', Голаса 37' Жалпы есеп: 3-3  Генк 4-1 есебімен пенальтиден ұтты. Мальме         2-0 Динамо Загреб Голдар: Вилтон Фигейредо 69',  Янссон 86' Жалпы есеп: 3-4 Вильяреал         3-0 Оденсе Голдар: Росси 50', 66', Марчена 82' Жалпы есеп: 3-1 Цюрих         0-1 Бавария Гол: Гомес 7' Жалпы есеп: 0-3 АПОЕЛ         3-1 Висла Краков Голдар: Парейко 29' (а/г), Айлтон 54', 87, ' Вильк 71' Жалпы есеп: 3-2
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×