Фергюсон: «Роналду «Миллуоллда» жүріп те хет-трик жасайды, ал Месси жоқ»

26.04.2015, 21:47
Фергюсон: «Роналду «Миллуоллда» жүріп те хет-трик жасайды, ал Месси жоқ»
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас бапкері Алекс Фергюсон Криштинау Роналдудың Лионель Мессиден қандай айырмашылығы бар екенін айтты. «Адамдар әлемнің үздік футболшысы кім деп сұрайды. Оған көбінің берер жауабы – Лионель Месси. Бұл пікірге қарсы шығу мүмкін емес. Бірақ Роналду «Миллуолл», «Куинз Парк Рейнджерс» немесе «Донкастерде» ойнап жүрсе де хет-трик жасай алады, ал Месси бұлай жасай алады деп ойламаймын», - деді Фергюсон.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×