Ферран Торрес жақын арада «Барселона» ойыншысы атанады

23.12.2021 10:48 Ла Лига

Футболшы бүгін Барселонаға ұшып келуі мүмкін

Ферран Торрес жақын арада «Барселона» ойыншысы атанады

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Ферран Торрес «Барселонаға» ауысуға жақын, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, Ферран бүгін медициналық тексерістен өтіп, келісім-шартқа қол қою үшін Барселонаға ұшып келуі мүмкін. Испаниялық футболшының каталониялық клубпен келісімі бес жылға жасалады деп күтілуде.

Трансфер құны 55 + 10 миллион еуроны құрамақ. Торрестің жаңа командадағы жалақысы қазіргіден әлдеқайда төмен болмақ.

Ферран Торрес «Манчестер Ситиге» 2020 жылдың тамыз айында «Валенсиядан» 28 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы маусымда испаниялық футболшы Ағылшын Премьер-лигасының төрт ойынында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

0 пікір