«Мақтаарал» «Қайсардың» шабуылшысына қызығушылық танытуда

22.12.2021, 22:37
Түркістандық клуб оны оқу-жаттығу жиынына шақырғысы келеді.
«Мақтаарал» «Қайсардың» шабуылшысына қызығушылық танытуда

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайсардың» шабуылшысы Елжас Алтынбеков командасын ауыстыруы мүмкін.

Премьер-лигаға жолдама алған «Мақтаарал» 28 жастағы шабуылшыға қызығушылық танытуда және оны қаңтарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырғысы келеді.

Сондай-ақ футболшыға Бірінші лиганың кейбір клубтары көз тігіп отыр, алайда Елжас Премьер-лигада өнер көрсеткісі келеді.

Өткен маусымда Алтынбеков барлық турнирлерде 20 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×