Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылмақ

22.12.2021, 22:17
Команда келесі жылдан бастап Екінші лигада бақ сынамақ.
Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылмақ

Ақтөбе қаласында жаңа футбол клубы құрылмақ, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб «Aqtobe City» деген атқа ие болады. Оны «Ақтөбе» ФК-ның бұрынғы медиа қызметкері және спорт директоры Асхат Қалжанов басқармақ. Жоба қалалық және облыстық билік тарапынан мақұлданып қойды. 2022 жылы команда Екінші лигаға және Қазақстан кубогіне қатысады деп жоспарлануда.

Клубтың ресми өкілдері қазірдің өзінде мемлекеттік органдарда тіркеуден өтіп үлгерді. Басшылық Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сертификаттау рәсімінен өту үшін құжат жинап жатыр. Командада тек жергілікті жастар өнер көрсетеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×