Форлан құраманың, Суарес турнирдің сұрмергені

25.07.2011, 20:21
Форлан құраманың, Суарес турнирдің сұрмергені
Уругвайдың маңдайына біткен жұлдыз – Диего Форлан Аргентина төрінде өткен «Копа Америка» турнирі мәресіне жетті. «Монументаль» стадионында Уругвай мен Парагвай футболшылары ақтық айқасқа шығып, 3:0 есебімен уругвайлықтар жеңіске жетті. Кездесудегі есепті Суарес ашып, артыншы Форлан дубль авторы атанды. Уругвай 15-ші мәрте аталған турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл көрсеткіште олар аргентиналықтарды озып жеке дара көш бастады. Суарес жарыстың үздік бомбардирі атанса, Диего Форлан өзі соққан екі голының арқасында 31 доппен Эктор Скаронмен теңесті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×