Франк Рибери мансабын Италияда жалғастыра бермек

04.09.2021, 15:48
Футболшы қазір еркін агент болып табылады.
Франк Рибери мансабын Италияда жалғастыра бермек

Еркін агент болып табылатын 38 жастағы француз жартылай қорғаушысы Франк Рибери жақын күндері Италия чемпионатының жаңа қатысушысы "Салернитанаға" қосылуы мүмкін. Бұл туралы италиялық журналист Альфредо Педулла хабарлады.

"Салернитана" мен Рибери арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін тараптар бір мәмілеге келе алды. Италиялық клуб футболшыға жалақысы 1,5 миллион еуро болатын 1 жылдық келісім-шарт ұсынды.

Бұған дейін Рибериге түркиялық "Фатих Карагюмрюк" клубы қызығушылық танытқан болатын, бірақ олар бұрын "Интер" клубына тиесілі 23 жастағы Кот-д'Ивуарлық шабуылшы Ян Карамоны алу туралы шешім қабылдады.

Соңғы екі маусымда Рибери "Фиорентинаның" намысын қорғады. Өткен маусымда А сериясында Франк 29 матч өткізді, онда екі гол мен алты нәтижелі пас берді. Маусым аяқталғаннан кейін "Фиорентина" футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынбады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×