Френки де Йонг мансабын Англияда жалғастырады

12.05.2022, 16:47
Трансфер мүмкіндігі 95 пайызға бағаланып отыр.
Френки де Йонг мансабын Англияда жалғастырады

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Фрэнки де Йонг жақын арада «Манчестер Юнайтедке» ауысады. Бұл туралы каталондық клубқа жақын инсайдер Жерар Ромеро өзінің Twitter парақшасында жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, трансфер осы айда аяқталады. Голландиялық футболшының «Юнайтедке» ауысу мүмкіндігі 95 пайызды құрап отыр. «Барселона» қаржылық мәселелерге байланысты Френкиді сатуға мәжбүр болды. Трансфер құны 70-80 миллион еуро шамасында болады.

24 жастағы де Йонг 2019 жылы «Аякс» командасынан «Барселонаға» ауысты. Осы маусымда голландиялық жартылай қорғаушы 43 ойында төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді. «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Эрик тен Хаг бұған дейін амстердамдық клуб сапында Френкисен бірге жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×