Футбол алаңындағы әділеттілік пен ізеттіліктің үлгісі (видео)

07.03.2015, 17:32
Футбол алаңындағы әділеттілік пен ізеттіліктің үлгісі (видео)
Бүгін назарларыңызға ұсынып отырған видео жиынтығына футболдағы жан тебіренерлік ізеттілік пен әділеттіліктің үлгілері жинақталыпты, деп жазады "Алаш айнасы". Бұл видеода футбол алаңында әділеттілік танытқан футболшылардың адамгершіліктері, жанкүйерлерге құрмет көрсеткен ізеттіліктері, ойыншылардың бір-біріне деген сый-құрметтері сомдалған. Сондай-ақ төреші қателескенде, қайсыбір футболшылардың шындықты айтып, адалдық танытқан сәттері де енгізілген. Біреу өзінің қолмен ойнап, содан кейін гол соғылғандығын, ал енді біреу өзін ешкімнің шалып жықпағандығын айтып, ағынан жарылады. Бәрі де өздеріңізге таныс – әйгілі футболшылар. Ең соңғы видеода тілін жұтып қойған футболшыға бірден қарсы команданың ойыншысы ұмтылып, оны жазатайым жағдайдан, тіпті ажалдан құтқарып қалады... Енді осының бәрін өздеріңіз тамашалаңыздар.     "Алаш айнасы" интернет-порталынан  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×