Футбол әлеміндегі жаңалықтар

10.01.2014, 06:55
Футбол әлеміндегі жаңалықтар
Cristian Tello (Barcelona) Каталондық «Барселона» командасының футболшысы Кристиан Тельо 1 ақпанда «Ливерпуль» командасына жалға берілмек. 2011 жылдан бері «Барселона» сапында 49 ойын өткізіп, 10 голды өз еншісіне жазған.  ********************************************************************************************************************** Paul Pogba Juventus 2014 AP/LaPresse «Ювентустың» жас перісі Поль Погбаға «ПСЖ» командасы қызығушылық танытып отыр. Француз футболшысы француз клубында деген сөз шындыққа айналып жатырса таң қалмаймыз. Погба маусым айында Париждік клубқа ауысады деген қаңқу сөз әлем жұртшылығының аузында жүр. Келісім-шарт жасалынған жоқ, бірақ болатын көрінеді. «Ювентус» 50- 60 миллион евродан бас тарта қоймас. **********************************************************************************************************************     Белгиялық футболшы Тұманды Альбионнан кетіп, Германия жеріне қоныс аударуы мүмкін. "Ол кім?" деген сұрақ туындайды, әрине. "Ақсүйектер" сапындағы бельгиялық футболшы десе бірден есімізге Азар түседі. Жоқ, бұл Эден Азар емес. «Челси» командасына келгеніне көп уақыт болмаған, негізгі құрамнан орын ала алмай жүрген Кевин де Брюйне. Футболшы  «Вольфсбург» командасына жалға ауысып бармақшы көрінеді. Трансфер құны - 17 миллионды құраған. Kevin de Bruyne ********************************************************************************************************************** Puyol, jugador del Barcelona «Барселонаның» капитаны  Карлес Пуйоль ойлану үстінде жүр екен. Ардагер қорғаушы футболдағы мансабын аяқтауы да мүмкін екен. Маусым аяқталысымен бутсасын шегеге іле ме, алде тағы бірер жыл ойнай ма ? Осы сұрақ көпшіліктің көкейінде жүр. " Жасыл алаңмен қоштасу дейсіз бе? Мен футболды жаныма рахат алу үшін ойнаймын. Маусым аяқталуын күтейік, сосын көре жатармын",- деп футболшы Твиттердегі жеке парақшасына жазып қойыпты-мыс. ********************************************************************************************************************** Бір кездері қазақстандық "Тараз", "Қайрат", "Каспий" клубтарын жаттықтырған, көпшілікке татарстандық "Рубин" командасының бас бапкері ретінде танымал болған, 2001-2013 жылдар бойы 12 жыл бір команданың тізгінін ұстаған Құрбан Бердыев Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін. ҚФФ басшылығы ертеректе тәжірибелі бапкерді Қазақстанға шақырған. Алайда, Бердыев "Рубин" командасын жаттықтырып жүрген кезінде бұл ұсынысты қабылдамады. Еске сала кетейік, ҚФФ басшылығы чех маманы Мираслав Беранекті өз орнынан босатты. Әзірге ұлттық құрама тізгінін қолға алатын бапкер іздестірілуде. ********************************************************************************************************************** Shane Long has been linked with a move to Hull City «Халл Сити»  командасы «Вест Бромвич» ойыншысы Шейн Лонгты сатып алуға жақын. Шейн Лонгн «Вест Бромвич» сапында 66 ойын өткізіп, 16 голдың авторы атанған. ********************************************************************************************************************** Бір топ мықты футболшыларынан айырылған махачкалалық  «Анжиден» Жусилей кетпекші көрінеді. Бразилиялық қорғаушыға итальяндық «Наполи», немістің «Шальке», бразилиялық «Коринтианс» пен «Сан-Паулу» және ағылшындық клубтар да қызығушылық білдірген көрінеді. ********************************************************************************************************************** " Боруссия Дортмундтың" бас бапкері Юрген Клопп «Арсеналдың» жас жартылай қорғаушысы Серж Гнабриді өз командасынан көргісі келеді. Бас бапкер Сержді  Роберт Левандовскиді алмастыратын футболшылардың қатарына жатқызды. Serge Gnabry, Arsenal (PA Photos) **********************************************************************************************************************     Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×