ФУТБОЛ БАЗАРЫ. АНГЛИЯ ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ

08.06.2013, 01:26
ФУТБОЛ БАЗАРЫ. АНГЛИЯ ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ
«Аламан» назарларыңызға  Англиядағы болуы мүмкін 10 трансферлік жаңалықтардың тізбегін ұсынады.

№ 10. Ағылшындық «МЮ-дің» тренерлік штабы каталондық «Барселонаның» хабвегі Сеск Фабрегас ендігі маусымын «қызыл сойқандықтарда» жалғастыру мүмкін. Манкуниандық клубтың бас бапкері Дэвид Мойес ван Перси мен Фабрегастан алынбас қуатты дуэт құрмақшы. Команда футболшыға 35 млн. еуро ұсынып отыр.

№ 9. Лондондық «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалған Жозе Моуриньо командадағы қос футболшыны жазғы трасферге шығару үшін клуб президенті Роман Абромовичтен сұранып отыр. Олар Фернандо Торрес пен Хуан Мата. Ал Моуриньо командадағы жұмысын бастап кетіпті. Және Жозе клубтан италиялық «Фиорентинаның» шабуылшысы Стефан Йоветичті көргісі келетінін жасырмады. № 8. Мюнхендік «Бавария» мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Рафаель Варанға қолқа салыпты. Тағы бұл футболшыға «МЮ», «Челси», «ПСЖ» клубтары көз тігіп отыр. Мюнхендіктер 20-жасар франсузға 20 млн. еуро дайындап отыр екен. № 7. Бірден қос ағылшындық клуб «Арсенал» мен «Манчестер Сити» туриндік «Ювентустің» жартылай қорғаушысы Пол Погбаға ұсыныс білдіріпті. Қос командада 20 млн. еуро беруге дайын. Ал «Ювентус» болса бұл футболшыдан айырылғысы келмейді. № 6. Этихат төрінде ойнайтын «Манчестер Сити» жазғы футбол базарын тағы да қыздырмақшы. «Манчестер Сити» мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Пепеге ұсынылған ақшаны тағыда көбейтті. Осы аптада клуб басшылары болуы мүмкін трансферлік ұсыныстарды қарамақшы. № 5. «Челсидің»  тренерлік штабы команда құрамын күшейту үшін жанын салып жатыр. Міне тағыда жазғы трансферден орын алып отқан жаңалық биыл кенеттен түріктің «Галатасарай» клубына келген Уэсли Снейдерге «Челси» ұсыныс жасап отыр. Ал Снейдер осы кезге дейін «Реалда» және 2010 жылы «Интер» сапында Жозе Моуриньомен ЧЛ кубогін иемденген болатын. № 4. Немістің «Байер» клубының шабуылшысъ Андре Шюррле «Челсидің» құрамасын толтыруы мүмкін. Неміс талантын команда көп уақыттан бері бақылап келген болатын. Енді лондондықтар оған ресми түрде ұсыныс жасапты. Футболшыны 20 млн. еуромен бағалап отыр. № 3. «Манчестер Сити» клубы украиндық «Шахтердің» көшбасшысы Фернандиньоны 42,5 млн. еуроға шақырып отыр. Бразилиялық талантқа тағы бір команда «Челси» қолқа салған болатын. № 2. Лондондық «Челсидің» қорғаушысы Джон Терри ендігі маусымын Франция чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Француздық «Монако» ардагер ойыншыға 7 млн. фунт жәнеде аптасына 150 мың фунт беруге дайын. Еске алатын болсақ ардагер футболшының «ақсүйектермен» 2014 жылға дейінгі келісім шарты бар. № 1. «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайты Криштиану Роналдудың қайтып келуі мүмкін екенін хабарлап отыр. Криштиану Сэр Алекс Фергусюнның отставкаға кеткенінен қарамастан ойлануда. «Реалға» манкуниандықтар 65 млн. фунт + бір ойыншы беруге дайын екен. Криштиану бірден Мадридтегі үйін сатылымға қойғаны туралы ақпарат та бар. САЛАМАТ ОҢАЛДЫҚОВ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×