РОНАЛДУ «РЕАЛМЕН» АРАДАҒЫ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ ҰЗАРТУДАН БАС ТАРТТЫ

08.06.2013, 01:27
РОНАЛДУ «РЕАЛМЕН» АРАДАҒЫ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ ҰЗАРТУДАН БАС ТАРТТЫ
Жазғы футбол базарында сауда қыза түсті. «Аламан» осы ауысым барысын сіздерге жедел жазба түрінде жазып, жариялап отырмақ. Бүгін сіздердің назарларыңызға орын алған жәнеде орын алуы мүмкін аладоптағы ауысымдарды ұсынады. «Ливерпульдің» қорғаушысы Даниэль Аггер «Монакоға» өту туралы пікірге өз келісімін берді. Жақын күндері Аггер келісім-шартқа қол қоймақ. Екі тараптың да басшылықтары қарсы емес, ортақ келісімге келу үшін жолықпақшы. Лиссабондық «Бенфика» футбол клубының басшылығы бапкермен арадағы келсімшарттың мерзімін ұзартты. Жорже Жезуш енді «Бенфиканың» 2015 жылға дейін бапкері болмақ. «Челси» командасының тұтқасын ұстай сала Моуринью, жаңа шабуылшыларды іздеуге кірісіп кетті. Нысанасына іліккен шабуылшылар «Манчестр Сити» командасының үздігі Эдин Джеко, «Портулық» Эльяким Мангал жәнеде «Бенфиканың» ойыншысы Неманья Матич. Осы аталған ойыншылармен  «Челси» футбол клубы келсімге келіп көрмек. «Палермо» футбол клубының жаңа бапкері Дженнаро Гаттузо, құрамаға келе сала ойыншы сатып алуға кірісті. Өзі доп тепкен «Сьона» сапындағы Кайл Лафертиді, Гаттузо өз командасының мүшесі етпек. Ең әуелі командадан кеткелі жатқан Стефан Соррентино жәнеде Эдгар Барретоны сақтап қалуға тырысады.
ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫ
Клубтар Келді Кетті
«ШАХТЕР» (Қарғанды) Шабуылшы: И. Зенькович «Ақжайық» Жартылай қорғаушы: Семлер (белгісіз). Шабуылшы: Тәжімбетов (Түркия)
«ЕРТІС» (Павлодар) Қорғаушы: Қожабаев «Ордабасы» Шабуылшылар: Ковель (белгісіз) Бақаев «Ақтөбе»
«ТАРАЗ» Бас бапкерлер: Пайперс
«ТОБЫЛ» (Қостанай) Жартылай қорғаушы: Әлиев «Ордабасы» Жартылай қорғаушы: Жұмасқалиев (Түркия)
«ОРДАБАСЫ» (Шымкент) Шабуылшылар: Бабатунде, Чегалишвили жәнеде Мальцев. Жартылай қорғаушылар: Әлиев «Тобыл», Әшірбеков, Касьянов, Карпович «Қайрат». Қорғаушылар: Абулин және Қожабаев «Ертіс»
«ҚАЙРАТ» (Алматы) Жартылай қорғаушылар: Көкеев «Шахтер» жәнеде Карпович «Ордабасы». Қорғаушы: Сымақов «Ризеспор». Қақпашы: Лория «Ризеспор» (суретте). Жартылай қорғаушылар: Вяткин Қорғаушы: Рабаналь.
«АТЫРАУ» Жалмағамбетов (белгісіз)
ЕСКЕРТУ: Орын алған ауысымдар қою әріптермен берілген. Қалғандары тек мүмкін.
«Монако» күнде бір ойыншыға ұсыныс тастамаса, «Монако» емес.  Бүгін франциялық клуб Джон Териге ұсыныс тастады. Терриді 150 мың фунтқа сатып алмақ. Ендігі бар мәселе «Челси» мен Терридің келісімі. «Арсенал» футбол клубының ойыншысы Лоран Косьельни клубтан кету үшін барын салып жатыр. Осы бір жаңалық құлақтарына жеткен «Бавариялықтар» французды өз қатарларына қосып алмақ ниетте. Патрис Эвра «Монакоға» қайтып оралуы мүмкін. Себепте табылғандай. «Манчестер Юнайтед» қатарына «Эвертон» ойыншысы Лейтон Бэйнсті қосатын болса, онда «Монакоға» қайтып бармақ. «Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы германиялық Месут Өзілдің түр-сипаты бейнеленген, жейде киген қалпындағы бейнесі мұражайға қойылды (суретте). Әйгілі мадам Тюссо мұражайынан орын алды. «Манчестер Сити» клубы украиналық «Шахтердің» намысын қорғап жүрген Фернандиньомен келісімге келмек. Бастапқы сома 42,5 миллион фунт. «Реалдың» белгілі сұрмергені Криштиану Роналду, клубпен арадағы келісім-шарт мерзімін ұзартудан бас тартты.  «Корольдік» клуб сыйақы есебінде, үстемелеп айлық беретін де болды. Бірақ Роналду бәрінен бас тартып отыр. Португалиялық ойыншының Мадридтен кетпек ойы бар. 27 жастағы «Валенсия» футбол командасының ойыншысы Әділ Рами жақын күндері «Барселонамен» келісімге келмек. Әзірге Әділ Рами үшін «каталондық» клуб 10 миллион еуро ұсынып отыр. «Наполи» командасы өзінің сапына ойыншылар қоспақ. Әсіресе шабуылшы керек. Кавани кетсе, орынын сақтап қалатындай мықты футболшы қажет.  Бірінші көзге түскен ойыншылар Марио Гомес жәнеде Эдин Джеко. Бенитес бапкердің бағытын әзірге ешкім түсіне алар емес.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×