Футболдағы ең ауыр жарақаттар

29.07.2014, 05:22
Футболдағы ең ауыр жарақаттар
1Футбол – негізінен ерлердің ойыны. Миллиондардың көз жауын тауысып көретін матчтарда кейде адам шошырлық жарақаттар орын алып жатады. Допқа талас кезінде футболшылар аяқ-қолдарын сындырып, спорттан біраз уақытқа алшақтап қалып жататын кездер аз емес. Ендеше, бүгін оқырман назарына соңғы 15 жылда аса ауыр жарақат алған бес футболшыны ұсынамыз. Альф-Инге Холанд 2001 жылы Манчестер қаласының қос командасы арасындағы дербиде МЮ футболшысы Рой Кин алаңда допқа иелік етіп келе жатқан Альф-Инге Холандты қағып түсіреді. Осы жағдайдан соң, норвегиялық ойыншы тізедеден аса ауыр жарақат алып, 29 жасында футболдағы карьерасын аяқтауға мәжбүр болды. Мұның алдында 1997/98 жылдардағы маусымда, керсінше, Холанд Кинге қарсы тәртіп бұзып, ирландиялық футболшы жарақат алған болатын. Бірақ, төреші Холандтың әрекетіне мән бермей, Рой симуляция жасады деген еді. Осыдан соң, Рой Кин бұл сәтті ұзақ күткенін және Холландты әдейі құлатқанын мәлімдеді. Бұл әрекеті үшін ирландиялық футболшы сол ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сонымен қатар, үш матчтан аластатылған ол 5000 фунт стерлинг айыппұл төледі. Жибриль Сиссе Талантты ойыншылардың бірі Жибриль Сиссе 2004 жылы Францияның «Осер» клубынан Англияның «Ливерпуліне» ауысады. Бірінші турдан гол соғып көзге түсе бастаған шабуылшы «Блэкбернге» қарсы кездесуде де ерекше көзге түседі. Дегенмен ойын барысында қорғаушы Жеймс Макивли соқтығысып қалып, қос ойыншы арасындағы допқа таласта Сисседен қан кетіп, жарты жылдай футболдан қол үзеді. Жарақатынан жазылып шыққаннан соң, өзінің деңгейіне қайта көтеріледі. Бірақ, 2005 жылы Франция-Қытай арасындағы жолдастық кездесуде ол тағы жарақат алады. Осыдан соң нәтижелі өнер көрсете алмады. Эдуардо да Силва 2008 жылы 23 ақпанда «Арсенал» мен «Бирмингем» кездесуінде лондондық клубтың шабуылшысы Эдуардо аяғын сындырып алды. Осыдан соң, бразилиялықтың қайта алаңға шығуына бір жылдай уақыт кетті. Ол жарақатынан айығып шыққаннан кейінгі бірінші ойынында дубль жасағанымен, бұрынғы деңгейіне қайта көтеріле алмады. Хорватия құрамасының бразилиялық футболшысы қазіргі кезде Донецкінің «Шахтерінде» өнер көрсетіп жүр. Аарон Рэмси «Арсенал» ойыншысы Аарон 2010 жылы 27 ақпанда «Сток Ситиге» қарсы өткен матчта аяғын сындырды. Допқа таласта Райан Шоукросспен соқтығысқан Рэмсиді дәрігерлер жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізеді. Уэльстік футболшының емделіп шығуына сегіз ай уақыт кетті. Ал сол ойында Шоукросске қызыл қағаз көрсетілді. Хенрик Ларссон Ауыр жарақат Ларссонды да айналып өтпепті. 1999 жылдың 21 қазанында «Селтик» сапында өнер көрсеткен ол франциялық «Лион» командасының қорғаушысы Серже Бланмен допқа таласта сол аяғын екі жерден сындырып алды. Осы жағдайдан соң дәрігерлер швециялыққа бір жылға дейін алаңға шығуға рұқсат берген жоқ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×