Футболдағы жан түршігерлік қатыгездік пен дөрекіліктер (видео)

06.03.2015, 01:13
Футболдағы жан түршігерлік қатыгездік пен дөрекіліктер (видео)
Мына бір видео жиынтығына футболдағы жан түршігерлік, тіпті үрейлі дөрекіліктер жиынтығы енгізіліпті, деп жазады "Алаш айнасы". Бұл видео жиынтығына футбол тарихындағы өрескел ереже бұзулар, қарсыласын аямай тебу, шалып жығу сәттері енгізілген. Кейбіреулері доп додасының қызығына беріліп кетіп, қарсыласын қалай аяусыз тепкенін өзі байқамай қалса, базбіреулері қасақана солай істеген де сияқты... Ойын барысындағы дөрекілік пен қатыгездіктің кесірінен кейбір ойыншылар жарақаттанып та қалады. Соңғы екі ойын сәті – мүлде қорқынышты. Екі футболшы ауыр жарақат алып, байбалам салады. Жалпы, бұл видеоны біз кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жастарға көруге кеңес бермейміз. Бұл видео ғаламторда 18 жастан жоғары адамдар үшін ғана деп жарияланған.   "Алаш айнасы" сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×