Футболсүйер қауымға арналған көрсетілім

20.09.2011, 19:18
Футболсүйер қауымға арналған көрсетілім
«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендеріне футболдан Еуропа біріншілігі көрсетілімін ұсынуға әзір. «Қазақстан» телеарнасы УЕФА тендерінен топ жарды! Келер жылы Польша мен Украина елдерінің жасыл алаңдарында өтетін Қарт құрлық біріншілігінде бас аяғы 31 ойын болады деп жоспарланса, Ұлттық арнаның тікелей эфирінен 22 кездесуін тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, Бірінші канал «Еуразия» еншісінде 10 ойын көрсетілімі өтеді. Ал ақтық сын қос каналда қатар жүреді. Біздің арна дүбірлі доданың жеребе тарту рәсімін де назарларыңызға ұсынады. 16 жұп қаңтардың 2-інде Украина астанасы Киевте анықталады. Ал алдағы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан эфирінде «Еуро 2012 қарсаңында» деп аталатын жаңа жоба жарық көреді. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі маусым айында Варшавада өтеді деп жоспарланған. «Қазақстан» Ұлттық арнасы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×