Гарет Бэйл мансабын МЛС-те жалғастырады

25.06.2022 21:43 Әлем футболы

Уэльс футболшысы жаңа командасында Джорджо Кьеллинимен бірге ойнайды.

Гарет Бэйл мансабын МЛС-те жалғастырады

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл «Лос-Анджелес» клубына қосылады, деп хабарлайды The Athletic. Дереккөздің айтуынша, шабуылшы командамен бір жарым маусымға ұзарту мүмкіндігімен бір жылдық келісім-шартқа отырады.

Бэйлдің «Реалмен» келісім-шарты осы айда аяқталды. Сондықтан Гарет жаңа командасына еркін агент ретінде ауысады.

Еске салайық, жазғы трансферлік терезеде «Лос-Анджелес» «Ювентустың» бұрынғы футболшысы Джорджио Кьеллиниді де қатарға қосқан болатын.

0 пікір