"Реал Мадридтің" шабуылшысы Гарет Бэйл "Тоттенхэм" клубына ауысты. Бұл туралы Лондондық клубтың ресми сайты хабарлады.
"Тоттенхэм" футболшыны бір жылға жалға алды. Клуб "Реалға" ойыншы үшін 9,8 миллион еуро төлейтін болады. Сонымен қатар Лондондық клуб ойыншы жалақысының тек 40% ғана төлеуге ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, Бэйл "Реал Мадрид" сапындағы ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі. Аптасына 650 мың еуро алады. Енді "Тоттенхэм" бұл жалақының 240 мың еуросын төлейді, ал қалған 415 мың еуроны "Корольдік" клуб төлеуге міндетті.
31 жастағы Бэйл «Реал» сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Ол клуб сапында 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пас берген. Жалпы, "Реалмен" келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET