Георгий Жуков: Мақсатымыз айқын-чемпиондықты алу.

26.01.2017, 02:14
Георгий Жуков: Мақсатымыз айқын-чемпиондықты алу.
Өткен маусым аяқталысымен ресейдің "Урал" футбол клубынан алматылық "Қайрат" сапына ауысқан Георгий Жуков KAIRAT.TV каналына берген сұхбатында команданың маусымға дайындығы, жолдастық кездесулердегі ұжымның өнері, мақсаты жайлы айтып берді. -Дайындық тыңғылықты деп айтар едім. Көбіне доппен жұмыс жасаймыз. Физикалық дайындыққа да көп көңіл бөлеміз. Жаңа командада мені жақсы қарсы алды. Көп футболшыларды "Қайрат" сапына қосылмай тұрып-ақ танитынмын. Басты мақсат өзгеге де, өзімізге де белгілі. Чемпиондыққа қол жеткізу. Жолдастық кездесуде "Орынборды" жеңгеніміз тамаша болды. Әрине, барлық мүмкіндіктерді пайдаланғанда одан да ірі жеңіске қол жеткізуге болар еді. Бапкердің таңдауы бойынша қазір қапталда ойнап жүрмін. Алайда, мен өзімді алаңның ортасында, сегіздіктің орнында елестетемін. Әйткенмен, бапкер бәрін шешеді. Алаңның қай бөлігінде жемісті боламын-бапкер сонда қояды. Жанкүйерлер тарапынан да, Бұқаралық Ақпарат Құралдарынан да талай сынды естідім. Бәрі, шын әрине. Өкпе-реніш жоқ. Әйткенмен мына жағдайды есте сақтау керек: мен "Астана" жүргенде жалда ойнап жүрдім. "Стандарттың" футболшысы едім. Сондықтан, сол клубтың президентінің айтқанымен жүрдім. Бұл қалыпты жағдай. Ал, қазір "Қайратқа" тиесілімін. Қайрат Боранбаев мырзамен, әке-шешеммен ақылдаса келе, Қазақстан Ұлттық құрамасын таңдадым.. Анам Қазақстанда, әкем Ресейде дүниеге келген. Ұлттық құрамаға шақырса барымды саламын.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×