Немістің бірнеше командаларында доп тепкен хорват футболшысы "Қайратқа" ауысуға жақын

26.01.2017, 02:29
Немістің бірнеше командаларында доп тепкен хорват футболшысы "Қайратқа" ауысуға жақын
Ресейдің "Спорт Экспресс" порталының хабарлауынша ресейлік "Анжидің" жартылай қорғаушысы Иво Иличевич алматылық "Қайраттың" қатарын толықтыруы мүмкін. Хорват осы маусымда "Анжи" сапында 14 ойынға қатысып, 3 гол соққан. Алайда, команданың басшылары ауысқаннан кейін, Иво клубтың сататын футболшыларының тізіміне енген екен. Иличевич жақын арада "Қайратта" медициналық тексерістен өткеннен кейін, алматылықтармен келісім-шартқа отырмақ. Айта кетсек, Иво Иличевич "Анжиге" дейін Германияның "Дармштадт", "Бохум", "Гамбург" сынды ұжымдардың да намысын қорғаған екен. Сондай ақ, 30 жастағы аяқдопшы Хорватия Ұлттық құрамасы сапында бір гол соғып үлгеріпті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×